Jet JWL-1440L (10000750M) [15/24] Техникалық сипаттамалар

Jet JWL-1440L (10000750M) [15/24] Техникалық сипаттамалар
15Қазақша Ағаш жону станогы JWL-1440L15
Қиқымдар мен дайындама бөліктерін
тек станок жұмыс істеп тұрған кезде
ғана алып тастаңыз.
Айналып тұрған дайындаманы
ешқашан қолмен тоқтатпаңыз.
Шпиндель оқшаулауын тек станок
тоқтаған кезде ғана іске қосыңыз.
Айналып тұрған бөлшекте ешқашан
өлшеу жұмыстарын жүргізуге болмай-
ды.
Станоктың үстіне тұрмаңыз.
Жиілік өзгерткішінің ауаның табиғи
ағыны жолында кедергілерге жол
бермеңіз (Суыну қабырғаларын
жаппаңыз)
Станоктың электр құрылғысындағы
жұмыстарды тек білікті мамандарға
ғана жүргізуге рұқсат бар.
Станокты қайта жарықтандыру,
реттеу жəне тазарту жұмыстары тек
станок тоқтап тұрған кезде немесе
электр желісінен ажыратылған кезде
жүргізіледі.
2. Техникалық сипаттамалар
Желінің кернеуі 220 В~50 Гц
Қуаты 350 Ватт
Дайындаманың диаметрі 356 мм
Орталықтардың ара қашықтығы 970 мм
Жұмыс режимі S2 30 мин
Шпиндельдің айналу жиілігі: 810, 1180, 1700,
2480 айн./мин
Шпиндель кескіші 1''x8TPI
Ескерту
Осы нұсқаулықтың спецификациясы
жалпы ақпарат болып табылады.
Өндіруші станоктар құрылымына
өзгерістер енгізуге құқылы, бұл оның
техникалық сипаттамаларына, оның
стандартты жиынтығына, қосымша
заттары мен сыртқы түрінің өзгеруіне
алып келеді.
Құрылғыны баптау, реттеу, орнату
жəне техникалық қызмет көрсетуді
сатып алушы жүргізеді.
3. Станоктың сипаттамасы
1. Сөндіргіш.
2. Белбеу мен шкивке арналған
қорғаныс қабы. Станок жетекші
орталығының жылдамдығын өзгерту ке-
рек болған жағдайда белбеу мен шкив-
ке қол жеткізу үшін корпусты ашыңыз.
3. Станоктың айналғыш орталығы. Дай-
ындаманы белгілейді.
4. Бағыттаушылар. Бағыттаушыларға
артқы тұғыр мен кескіш бекітілген.
5. Кескіштерге арналған тірек.
6. Кескіш тірегінің бөгеткіш бұрандасы.
7. Жинақтағы артқы
тұғыр. Станоктың
жетекші орталығымен бірге дайындама-
ны айналу кезінде ұстап тұрады.
Сур. 1
4. Назар аударыңыз:
қауіп
Станокты дұрыс пайдаланған күннің
өзінде төменде келтірілген қауіптер
пайда болады.
Еркін айналып тұрған дайндамамен
жарақаттану қауіпі.
Бір текті емес немесе толық
жүктелмеген дайындамалар
орталықтан түскен күш əсерінен
жыртылып кетуі немесе шығып кетуі
мүмкін.
Тек ақаулары жоқ ағаш сапалы дайын-
дамаларды өңдеген жөн.
Теңгерімі жоқ дайындамалар жарақат
алу қауіпін
үлкейтеді.
Құралды қолайсыз орын ауыстырған
кезде, құралға тірек дұрыс қойылмаған
жағдайда жəне токарлық құрал дұрыс
қайралмаса немесе ақауы бар болған
кезде жарақаттану қаупі.
Кері соққы қаупі. Құрал айналып
тұрған дайындамамен қысылып
жұмыскердің бағытына қарай ұшады.
Дайындама жəне оның ұшып кеткен
бөліктерімен жарақаттану қаупі.
Сымды дұрыс төсемеген кездегі
электр тоғы
соғу қаупі.
5. Станокты монтаждау
Назар аударыңыз
Абай болыңыз: техникалық жұмыстар
мен станокты құру кезінде станокты
электр желісіне қоспаңыз.
5.1. Қораптан алу жəне
бөлшектерді тексеру
Бекітілмеген бөлшектердің барлығы
орнында ма екенін тізіммен тексеріп
шығыңыз.
Егер қандай да бір бөлшек жетіспесе,
станокты құрастыруға тырыспаңыз
жəне жетіспейтін бөлшектерді
анықтамайынша станокты электр
желісіне қоспаңыз.
Тот басудың алдын алу үшін үстел мен
негіздемені балауызбен сүртіңіз.
Бөлшектерді құрғақ əрі жұмсақ
шүберекпен мұқият тазартыңыз.
Станок зауытта
құрастырылып, тексерілген
5.2 Жеткізілетін жиынтық
1. Жинақтағы тұғыр (2а сурет)
2. Планшайба (2б сурет)
3. Алты қырлы кілт (2в сурет)
Сур. 2a
Сур. 2б
Сур. 2в
5.3 Электр желісіне қосу
Клиент тарапынан желіге қосу, соны-
мен қатар қолданылатын ұзартқыштар
техникалық талаптарға сай болуы тиіс.
Желі кернеуі мен жиілік фирмалық
тақтайшада көрсетілген жұмыс
параметрлеріне сай келуі керек.
Тұтынушы тарапынан орнатылған
қорғаныс құралы 10 А ге есептелген
болуы керек.
Электр құрылғысын қосу жəне жөндеу
жұмыстары тек білікті электриктерге
сеніп тапсырылады.

Содержание

Похожие устройства

Скачать