Scarlett SC-MC410S12 [31/35] Орнату

IM013
31
SC-MC410S12
Қорек сымының өткір ұштар мен ыстық беткі қабаттарға тимеуін қадағалаңыз.
Қорек сымынан тартпаңыз, оны шиыршықтамаңыз және құрылғыны айналдырып орамаңыз.
Көп тағамдық қасқанды тек тамақ пісіру үшін ғана пайдаланыңыз. Ешқашан оның ішінде киім, қағаз немесе басқа
заттарды кептірмеңіз.
Көп тағамдық қасқанның кәстрөлі бос болғанда тоққа қоспаңыз.
Көп тағамдық қасқанды кәстрөлсіз пайдаланбаңыз.
Азық-түлікті көп тағамдық қасқанның түбіне тікелей қоймаңыз, ол үшін кәстрөлді қолданыңыз.
Кәстрөлдің орнына басқа ыдыс қолданбаңыз.
Кәстрөлге сызат түсіруі мүмкін металл заттарды пайдаланбаңыз.
Кәстрөлдің беткі қабатына жалатылған жабын біртіндеп үйкелуі мүмкін, сондықтан оны абайлап пайдалану керек.
Тамақ дайындау рецептеріне сүйеніңіз.
Аспаптың қысқа тұйықталуына және бұзылуына жол бермеу үшін желдеткіш саңылауларға су ағуына жол бермеңіз.
Ұзартқыш сым қолданған жағдайда, кабельдің ең үлкен шекті қуатының көп тағамдық қасқанның қуатына сәйкес
келетініне көз жеткізіңіз.
Ескерту! Жұмыс істеп тұрғанда аспап қатты қызып кетеді! Көп тағамдық қасқан жұмыс істеп тұрғанда, оны ұстау қажет
болса, ас үйге арналған қолғап киіңіз немесе ұстағышты пайдаланыңыз.
Бетіңіз бен қолыңызды саңылаудан шығатын будан сақтаңыз.
Бұйымның бу шығатын саңылауына немесе кез келген басқа бөлшектеріне металл немесе басқа заттарды сұқпаңыз.
Көп тағамдық қасқанның қақпағын сүлгімен немесе басқа заттармен жаппаңыз.
Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис орталығына
апарыңыз.
Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2 сағат бөлме
температурасында ұстау керек.
Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін болмашы
өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ОРНАТУ
Көп тағамдық қасқанның ішінде орауыш материалдар мен бөгде заттардың жоқ екенін тексеріңіз.
Тасымалдау кезінде төмендегілердің бүлінбегенін тексеріңіз: қақпақ; корпус; қосымша керек-жарақтар; алмалы
кәстрөл. Кез келген ақаулық анықталған жағдайда аспапты тоққа қоспаңыз; сатушыға немесе сервис орталығына
хабарласыңыз. Аспапты құрғақ, біртегіс әрі ыстыққа төзімді беткі қабатқа орнатыңыз.
Аспапты жанғыш материалдардың, жарылғыш заттардың және өздігінен тұтанғыш газдардың жанында орнатпаңыз.
Аспапты газ немесе электр пештерінің, сондай-ақ басқа жылу көздерінің қасына қоймаңыз.
Аспапты қабырғаға немесе жиһазға тым жақын жерде орналастырмаңыз.
Көп тағамдық қасқанның үстіне ештеңе қоймаңыз. Желдеткіш саңылауларды бітеп тастамаңыз.
Көп тағамдық қасқанды шкафтың ішіне орналастыруға болмайды. Аспаптың қалыпты жұмыс істеуі үшін ауа еркін
айналатын бос кеңістікті қамтамасыз ету қажет: кем дегенде: үстінен 20 см, артқы панелі жағынан 10 см және екі
бүйірінен кем дегенде 5 см. Алғаш рет пайдаланар алдында алмалы кәстрөлді, бу қасқан сауытты, өлшер тостақты,
қасықты, көп тағамдық қасқанның ішкі және сыртқы бөліктерін таза дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
ЖҰМЫСЫ
Ең бірінші кезекте шараны, қыздырғыштың беткі қабатын және көп тағамдық қасқанның ішкі жағының беткі қабатын
сүртіңіз.
Шараға су құйып, азық-түлікті салыңыз. Азық-түлікті көп тағамдық қасқанның шарасының 3/5 көлемінен асырмай
салыңыз. Ыстық суда бөрте алатын (күріш, құрғақ көкөніс) немесе көбік түзетін азық-түлікті пісірген кезде, кәстрөлдің
көлемінің жартысынан асыра толтыруға болмайды. Бұл орайда азық-түлік пен судың жалпы көлемі шараның толық
көлемінің кем дегенде 1/5 бөлігіндей болуға тиіс.
Шараны көп тағамдық қасқанның ішіне қойыңыз.
Қақпағын сырт еткенше жабыңыз.
Көп тағамдық қасқанды электр желісіне жалғаңыз.
«КРУПЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Бұл режим ботқаның, палаудың алуан түрлерін дайындау үшін пайдаланылады
Жарманы рецептке сәйкес өлшер тостақпен өлшеп алыңыз. Қажет болған жағдайда жарманы алдын ала жуып алу
керек. Бұл мақсатты көп тағамдық қасқанның шарасын пайдаланбаңыз, оның жабынын бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
Жарманы көп тағамдық қасқанның шарасына салыңыз. Шараға рецептке сәйкес су құйыңыз.
Шараны көп тағамдық қасқанның ішіне қойыңыз.
Қақпағын сырт еткенше жабыңыз.
Көп тағамдық қасқанды электр желісіне жалғаңыз. Барлық алдын ала дайындықты аяқтамайынша аспапты электр
желісіне қоспаңыз, себебі бұл оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
Тамақ пісіру аяқталғаннан кейін осы режимнің түймешігінің тұсындағы шам өшеді де, дыбыстық белгі естіледі, көп
тағамдық қасқан жылыту режиміне автоматты түрде ауысады, жылыту көрсеткіші жанады.
Көп тағамдық қасқанды электр желісінен ажыратыңыз.
«МОЛОЧНЫЕ КАШИ» БАҒДАРЛАМАСЫ
Бұл режим көже әзірлеуге, сорпа, ет, балық тағамдары мен көкөністер, сондай-ақ сүт ботқалар пісіруге
қолданылады.
Тағамның барлық құраластары мен дәмдеуіштерді рецептке сәйкес көп тағамдық қасқанның шарасына салыңыз.
Шараны көп тағамдық қасқанның ішіне қойыңыз.
Қақпағын сырт еткенше жабыңыз.
Көп тағамдық қасқанды электр желісіне жалғаңыз. Барлық дайындықты аяқтамайынша аспапты электр желісіне
қоспаңыз, себебі бұл оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
Басқару панеліндегі «МОЛОЧНЫЕ КАШИ» түймешігін басыңыз. Осы түймешіктің көрсеткіш шамы жанады.
Бейнебетте 00:30 жарықтанады. 5 секундтан кейін «МОЛОЧНЫЕ КАШИ» бағдарламасы жұмыс істей бастайды.

Содержание

Похожие устройства