ТД параметрлері 5 минуттан кейін жоғалады.
ТД Жеке режимі күйінде. Пайдалану режимі параметрін Үй режимі күйіне өзгертіңіз. ( > Баптаулар > Жүйе >
Маман параметрлері > Пайдалану режимі > Үй режимі).
Мезгіл-мезгіл жоғалып тұрған Wi-Fi
ТД-дың желіге қосылғанына көз жеткізіңіз ( > Баптаулар > Желі > Желі күйі).
Wifi құпиясөзі дұрыс енгізілгеніне көз жеткізіңіз.
ТД мен модем/роутер арасындағы қашықтықты тексеріңіз. Қашықтық 15,2 м-ден аспауға тиіс.
Сымсыз құрылғыларды пайдаланбау немесе өшіру арқылы кедергілерді азайту. Сонымен қатар, ТД мен модем/роутер
арасында кедергілердің жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
(Wi-Fi қуаты құрылғылар, сымсыз телефондар, тас қабырғалар/ каминдер, т.б. үшін төмендеуі мүмкін.)
Бір оқиға Бірнеше оқиға
Сымсыз роутер
Сымсыз таратушы
Интернет провайдеріне хабарласыңыз және жаңа модем/роутер мен ТД-дың Mac мекенжайларын қайта тіркеу үшін
желі ретін қалпына келтіруді сұраңыз.
Бейнежазба бағдарламасының ақаулығы (Youtube, т.б.)
DNS мәнін 8.8.8.8 қалпына өзгертіңіз. > Баптаулар > Желі > Желі күйі > IP парам-лері > DNS парам-рі >
Қолмен енгізу > DNS сервер > параметрін таңдаңыз, 8.8.8.8 мәнін енгізіңіз. > OK.
> Баптаулар > Қолдау > Өзін-к диагностика > Smart Hub параметрін бастапқы күйіне қайтару параметрін
таңдап, бастапқы қалпына келтіріңіз.
Қашықтан қолдау көрсету деген не?
Samsung қашықтан қолдау көрсету қызметі Samsung технигінің қашықтан бетпе-бет қолдау көрсету мүмкіндігін ұсынады:
ТД-ға диагностика жасайды
ТД параметрлерін реттейді
ТД-дың зауыттық параметрлерін қалпына келтіреді
Ұсынылған бағдарлама жаңартылымдарын орнатады
Қашықтан көмек көрсету қалай жұмыс істейді?
Samsung технигінің ТД-ға қашықтан қосылып қызмет көрсетуі өте оңай:
1. Samsung байланыс орталығына қоңырау шалып, қашықтан көмек көрсетуін сұраңыз.
2. ТД мәзірін ашып, Қолдау бөліміне барыңыз.
3. Қашықтықтан басқару функциясын таңдап, қызмет көрсету келісімшартын оқып, келісім беріңіз. PIN код терезесі
пайда болса, техникке PIN код нөмірін беріңіз.
4. Содан кейін қызметкер сіздің ТД-ға қосылады.
Казақ - 8
K5500_RU_BN68-07870J-00_L04.indb 8 2016-04-12 오전 9:14:58