Haier HW80-BD14686 [178/312] Үзу жуу бағдарламасын болдырмау

Haier HW80-BD14686 [178/312] Үзу жуу бағдарламасын болдырмау
ҚАЗ HW80-B14686 КІР ЖУУ МАШИНАСЫ
20
6.11 Үзужуу бағдарламасын болдырмау
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны үзу үшін «Старт/Шегеру» түймешігін басыңыз.
Жарықдиодты индикаторы жанады. Жұмысты қайта бастау үшін осы түймешікті тағы бір рет
басыңыз.
Жұмыс істеп тұрған бағдарламаны және оның барлық жеке теңшелімдерін болдырмау үшін:
1. Қосылып тұрған бағдарламаны үзу үшін «Старт/Шегеру» түймешігін басыңыз.
2. Өшіру үшін «ҚОС/ӨШ» түймешігін шамамен 2 секунд ұстаңыз.
3. Суды төгу үшін «Сығу/Төгу» бағдарламасын таңдаңыз және «нөл жылдамдығын»
таңдаңыз.
4. Жаңа бағдарламаны таңдап, қосыңыз
.
ЕСКЕРТУ: есік құлпы
Кір жуу кезінде қауіпсіздік мақсатында есік жабылады. Есікті тек бағдарлама соңында
немесе оны тиісті түрде тоқтатқан соң ашуға болады (жоғарыдағы сипаттаманы қар.).
Су деңгейі жоғары болғанда, жоғары температурада және сығу кезінде есікті ашу мүмкін
емес; «Есік құлпы» белгісі көрінеді.
6.12 Жуған соң
Жуған сайын суды өшіріп, қоректену бауын ажыратыңыз. Ылғал мен иістерді
қалыптастырмау үшін кір жуу машинасы есігін ашыңыз. Егер кір жуу машинасы ұзақ уақыт
пайдаланылмай тұрса, машинаның ішінен суды төгіп, төгу шлангын орнына орнатыңыз.
Люк манжетасының төменгі бөлігі мен жуу құралдары ұяшығында судың жиналуы қалыпты
құбылыс болып табылады
.
ЕСКЕРТУ: сығу режимі / энергияны сақтау режимі
Егер кір жуу машинасы қосылып тұрғанда екі минут ішінде белсендірілмесе, күту режиміне
ауысады. Дисплей өшеді. Бұл электр энергиясын үнемдейді. Күту режимін үзу үшін кез
келген пернені басыңыз.
6.13 Дыбыс сигналын қосу немесе өшіру
Дыбыс сипгналын қажет болғанда өшіруге болады:
1. Кір жуу машинасын қосыңыз.
2. «Сығу/Төгу» бағдарламасын таңдаңыз.
3. «Шегерілген старт» және «Сығу» пернелерін бірге басып, үш секунд ішінде ұстаңыз.
Дисплейде bEEPOFF(«Сигнал өшірулі») көрсетіледі және дыбыс сигналы өшеді.
Дыбыс сигналын белсендіру үшін осы екі пернені қайта бірге басыңыз. Дисплейде bEEPON
(«Сигнал қосулы») көрсетіледі
.

Содержание