Haier HW80-BD14686 [181/312] Ұзақ тұрып қалу кезеңдері

Haier HW80-BD14686 [181/312] Ұзақ тұрып қалу кезеңдері
ҚАЗ
23
HW80-B14686
8.5 Ұзақ тұрып қалу кезеңдері
Егер кір жуу машинасы ұзақ уақыт
пайдаланылмай тұрса, қоректену бауын
ажыратып, суды жабу керек. Ылғал мен
иістерді қалыптастырмау үшін кір жуу
машинасы есігін ашыңыз. Машина есігін бүкіл
тұрған уақытқа ашық қалдырыңыз. Келесі
пайдаланар алдында қоректену бауы, су
келтіретін шланг пен төгу шлангын мұқият
тексеріңіз. Барлығы дұрыс орнатылып, барлық
шлангтар саңылаусыз болғанына көз жеткізіңіз
.
8.6 Төгу сорғысының сүзгісі
Сүзгі мен сорғыны бір айда бір рет немесе егер
кір жуу машинасы:
су төкпесе,
сықпаса,
жұмыс істеп тұрғанда аздап шу шығарса
тазалаңыз
.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Күйіп қалу қаупі бар! Сорғы сүзгісіндегі су өте
ыстық болуы мүмкін! Қандай да бір әрекет
жасаудың алдында су суығанына көз жеткізуді
өтінеміз.
1. Кір жуу машинасын өшіріп, электр желісінен
ажыратыңыз (8-8 сурет).
2. Кір жуу машинасының алдынғы жағы оң
бұрышындағы сүзгі люгін ашыңыз (8-9 сурет).
3. Су контейнерін дайындаңыз (8-10 сурет).
Судың мөлшері көп болуы мүмкін!
4. Төгу шлангын шығарып, контейнердің үстінде
ұстаңыз (8-10 сурет).
5. Төгу шлангынан тығынды шығарыңыз (8-10
сурет).
6. Толық ағып біткен соң төгу шлангын жауып,
машинаның ішіне қайта тығыңыз (8-11 сурет).
7. Сорғы сүзгісін сағат тіліне қарсы бұрап
алыңыз (8-12 сурет).
8. Ұсақ бөлшектер мен кірді кетіріңіз (8-13
сурет).

Содержание