Brayer BR1604 — еттартқышты бөлшектеу және кеббе дайындау бойынша нұсқаулық [42/48]

Превью страниц Страница 42 / 48
Brayer BR1604 [42/48] Кеббе дайындау
42
KZ
Еттартқыштың бастиегін (7) бөлшектеу үшін
сомынды (11) сағат тіліне қарсы бұрап шешіп
алыңыз, еттартқыш бастиегі (7) корпусынан орна-
тылған торды (10) шығарып алыңыз, крест тәрізді
пышақты (9) және иірмекті (8) шешіп алыңыз.
Еттартқыш бастиегін (7) шешіп алу үшін бекіткіш
(3) батырмасын басыңыз, еттартқыш бастиегін
(7) сағат тілі бойынша бұраңыз және оны шешіп
алыңыз.
КЕББЕ ДАЙЫНДАУ
Кеббе, Киббех немесе кубэ — сиыр немесе қой
етінен, бидай ұнынан және дәмдеуіштерден дай-
ындалатын жерорта теңізі асханасының тағамы.
Кебе (13) қондырмасының көмегімен негізден
қуыс түтіктер жасалады. Түтікшелер салмамен
толтырылады және фритюрде қуырылады. Түтік-
терді толтыру үшін салма дайындаумен тәжірибе
жасаңыз.
Кебені дайындаудың үлгі рецепті берілген, интер-
нетте басқа да рецепттерді табуға болады.
Салма
- Қой еті 100 г
- Зәйтүн майы 1,5 ас қасық
- Пияз (ұсақтап туралған) 1,5 ас қасық
- Талғамға қарай дәмдеуіштер
- Тұз 1/4 шай қасық
- Ұн 1 ас қасық немесе 1/2 ас қасық
Еттартқышты құрастырыңыз («ФАРШ ДАЙЫН-
ДАУ» бөлімін қараңыз).
Ұсақ саңылаулары бар тор (10) шикі етті, со-
нымен қатар пісірілген етті, балықты және т.с.с.
өңдеуге жарайды.
Анағұрлым ірі саңылаулары бар тор (10) шикі
етті, балықты, көкөністерді, кептірілген жемі-
стерді, ірімшікті және т.б. өңдеуге жарайды.
Еттартқыштың бастиегіне (7) өнімдерге арналған
астаушаны (6) орнатыңыз.
Қуаттандыру бауының ашасын электр розеткасы-
на салыңыз.
Жұмыс режимдері (1) ауыстырғышын «ON» күйіне
орнатып, еттартқышты қосыңыз.
Ұсыныстар:
- Мұздатылған етті толық еріту қажет. Етті өңдеу
процесін жақсарту үшін оны жолақтармен
(20х20х60 мм) немесе текшелермен (20х20х20
мм) кесіңіз.
- Жұмыс істеген кезде жеткізілім жиынтығына
кіретін итергішті (5) ғана пайдаланыңыз. Етті
немесе басқа өнімдерді итеру үшін аса көп күш
жұмсамаңыз.
- Етті қолмен немесе басқа заттармен итеруге
тыйым салынады.
Жұмыс аяқталғаннан кейін, еттартқышты ажыра-
тыңыз, ол үшін жұмыс режимдері ауыстырғышын
(1) «OFF» күйіне орнатыңыз, электр розеткасынан
қуаттандыру бауының ашасын суырып алыңыз,
содан кейін оны бөлшектеуге кірісіңіз.

Содержание

53

Бұл нұсқаулықта еттартқышты бөлшектеу және кеббе дайындау процесі туралы толық ақпарат берілген. Дайындау үшін қажетті ингредиенттер мен әдістерді табыңыз.