Moulinex Pain & Tresors OW250132 — йогурт дайындау: сүт түрлері мен ферменттер туралы ақпарат [64/72]

Moulinex Pain & Tresors OW250132 [64/72] Ұйыту уақыты
64
Стерильденген ұзақ мерзімді сүт: Ультрапастерленген, қаймағы алынбаған
сүттен жасалған йогурт қою болады. Қаймағының бір бөлігі алынған сүттің
қоюлығы төменірек болады. Қою болуы үшін, қаймағының бір бөлігі алынған сүтке
1-2 үлкен қасық құрғақ сүт салып жіберуге болады.
Қаймағы алынбаған сүт: ондай сүттің йогурты крем сияқты болады, бетінде жұқа
қабығы тұрады.
Шикі сүт (ферма сүті): ондай сүтті алдымен қайнатып алу керек. Біраз уақыт
бойы қайнатып алған дұрыс. Одан кейін құрылғыға құймас бұрын салқындату
керек.
Құрғақ сүт:ондай сүттің йогурты крем сияқты жұмсақ болады. Әрдайым
өндірушінің қаптамасында көрсетілген нұсқауларды орындаңыз.
Фермент
Йогуртқа арналған
Фермент ретінде мыналарды алуға болады:
Жарамдылық мерзіміне дейін ең ұзақ уақыт қалған дүкендегі кәдімгі йогурт.
Мұзға қатырылған фермент немесе лактобактериялар. Бұл жағдайда
ферменттің нұсқауында көрсетілген ұйыту мерзімін сақтау керек. Мұндай
ферменттерді дүкеннен, дәріханадан және сау азық-түлік дүкендерінен сатып
алуға болады.
Жақында дайындаған йогурт салса да болады, бірақ кәдімгі йогурт болуы керек.
Бұл процесс «ұю» деп аталады.
Температура тым жоғары болса, ферменттердің сипаты бұзылуы мүмкін.
Ұйыту уақыты
Қосылатын заттарға және қалаған нәтижеге байланысты йогуртты ұйыту уақыты
6-12 сағатқа созылады.
Қыздыру кезеңі біткен соң, йогуртты кем дегенде 4 сағатқа тоңазытқышқа салып, 7
күн ішінде жеп бітіріңіз.
Мәйек (жұмсақ ақ ірімшік дайындау үшін)
Ірімшік дайындау үшін іріген сүтке мәйек немесе лимон қышқылы, сірке су сияқты
қышқылды сұйықтық қосу керек.
Сұйық
6 сағ. 7 сағ. 8 сағ. 9 сағ. 10 сағ. 11 сағ. 12 сағ.
Қою
Тәтті
Қышқыл

Содержание

Йогуртты дайындау үшін сүттің әртүрлі түрлері мен ферменттерді қалай қолдану керектігін біліңіз. Сүттің қоюлығын арттыру және ұйыту уақыты туралы кеңестер.

Скачать