Samsung MG23T5018AK [114/192] Микротолқынды пешті пайдалану

Samsung MG23T5018AK [114/192] Микротолқынды пешті пайдалану
18Қазақ
Микротолқынды пешті пайдалану
Микротолқынды пешті пайдалану
7
7. Орыс дәстүрімен пісіру рецептісін бастау үшін
СТАРТ/+30сек (БАСТАУ/+30сек) түймесін
басыңыз.
Микротолқынды пеште тағам таңдалған,
алдын ала бағдарламаланған параметр
бойынша пісіріледі.
Пісіру уақыты аяқталғанда,
микротолқынды пеш 4 рет сигнал береді
және басқару панелінің дисплейінде
ағымдық уақыты көрсетіледі. Содан кейін
пісіру циклінің соңы туралы сигналы
3 рет минутына бір реттен естіледі.
Келесі кестеде шамамен 75 алдын ала бағдарламаланған пісіру функциялары үшін тағам
мөлшері және тиісті нұсқаулар берілген.
АБАЙЛАҢЫЗ
Тағамды алған кезде тұмшапеш қолғабын киіңіз.
Орыс дәстүрімен пісіру рецептісі бағдарламасының сипаттамасы
1. Үй десерті
Код/Тағам Үстелге тарту
мөлшері
Құраластар
1-1
Жаңғақ торты
1 порция 120 г ұн, 150 г сары май, 100 г қоңыр қант, 2 дн
жұмыртқа, 50 г грек жаңғағы (ұсақталған), 4 г
қопсытқыш ұнтақ
Нұсқаулар
1. Шараға сары май мен қоңыр қантты салыңыз.
2. Жұмыртқаны қосып, жақсылап араластырыңыз.
3. Ұнға қопсытқыш ұнтақты қосып, араластырыңыз.
4. Грек жаңғағын қосып, жақсылап араластырыңыз.
5. Қоспаны майланған шыны немесе пластик шараға құйыңыз.
6. Шараны микротолқынды пешке салып, Орыс дәстүрімен пісіру
рецептісін таңдаңыз [1-1].
7. Пісіріп болғаннан кейін, 2-3 минут қоя тұрыңыз.
1-2
Банан қосылған нан
1 порция
(6 дана)
3 дана банан, 120 г құймақ қоспасы, 120 г сүт, 1 дн
жұмыртқа, 2 ас қасық уыт сиробы.
Нұсқаулар
1. Бананды тураңыз.
2. Шараға құймақ қоспасын, сүтті, жұмыртқаны және уыт сиробын
құйыңыз.
3. Бананды қосып, жақсылап араластырыңыз.
4. Қоспаны 6 қағаз тостаққа құйыңыз.
5. Қағаз тостақтарды микротолқынды пешке салып, Орыс
дәстүрімен пісіру рецептісін таңдаңыз [1-2].
6. Пісіріп болғаннан кейін, 2-3 минут қоя тұрыңыз.
MG23T5018AK_BW_DE68-04594L-00_KK_F.indd 18 2020-02-03  2:30:43

Содержание

Похожие устройства