Vitek VT-3403 [13/32] Қазақша

Vitek VT-3403 [13/32] Қазақша
13
ҚАЗАҚША
БЛЕНДЕРЛІК ЖИНАҚ VT-3403
Блендер жинағында ұсынылған блендер
шайқауға, араластыруға, ұсақтауға, сондай-ақ
сұйық және қатты өнімдерді қоса өңдеуге
арналған.
СИПАТТАМАСЫ
1. Алынбалы қондырма-блендер
2. Қондырма бекіткіші
3. Моторлық блок
4. I жылдамдықты қосу батырмасы
5. II жылдамдықты қосу батырмасы
6. Өлшегіш стақан
7. Чоппер тостағыны
8. Ұсақтағыш-пышақ
9. Чоппердің редуктор-қақпағы
10. Бұлғауыш қондырмасының редукторы
11. Бұлғауыш-қондырма
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қосымша қорғану үшін қуаттандыру тізбегіне
30 мА аспайтын номиналдық жұмыс істеу тогы
бар қорғаушы сөндіргіш құрылғыны (ҚСҚ) орна-
тып қойған жөн. ҚСҚ орнату үшін маманға
жүгініңіз.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
Құрылғыны пайдаланар алдында осы пай-
далану нұсқаулығын мұқият оқып шығыңыз
және оны анықтағыш материал ретінде пай-
далану үшін сақтап қойыңыз. Құрылғыны осы
нұсқаулықта баяндалғандай тікелей мақсатына
сай пайдаланыңыз. Аспапты дұрыс пайдалан-
бау оның сынуына, пайдаланушыға немесе оның
мүлкіне зиян келтіруіне әкелуі мүмкін.
Құрылғыны электр желісіне қосар алдында
құрылғыда көрсетілген кернеу сіздің үйіңіздегі
электр желісінің кернеуіне сәйкес келетінін
тексеріңіз.
Электр желісіне қосулы тұрған құрылғыны
қараусыз қалдыруға болмайды.
Қондырмаларды ауыстыру алдында және пай-
даланып болғаннан кейін құралды электрлік
желіден ажыратыңыз.
Құралды пайдаланудығ алдында
қондырмалардың дұрыс орнатылғанына және
сенімді бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Моторлық блокты орнатылмаған
қондырмаларсыз электржелісіне қоспаңыз.
Өңдеуге арналған қондырмалар мен өнімдерді
қолданбай, құрылғыны қосуға тыйым салы-
нады.
Құрылғыны бөлмелерден тыс пайдаланбаңыз.
Чоппер тостағанды немесе өлшейтін ста-
канды ыстық өнімдерді салу алдында оларды
суытыңыз.
Чоппер тостағанды мен өлшеуіш стақанды
микротолқынды пешке салуға тыйым салы-
нады.
Жеткізілім жиынтығына енетін қондармаларды
ғана қолданыңыз.
Құралды алғашқы пайдалану алдында
тағамдармен жанасатын барлық шешілмелі
қондырмалар мен ыдыстарды жуыңыз.
Чоппер тостағанын тұрақты беткі жағына нық
орналастырыңыз.
Қондырғы қосылғанға дейін, чоппер
тостағанындағы өнімдерді араластырыңыз.
Чоппер тостағанын азық-түлікпен асыра
жүктемеңіз және құйылған сұйықтардың
деңгейін қадағалаңыз.
Чоппер ұсақтағыш-пышағы мен қондырма-
блендердің кесетін жиектері тым өткір және
қауіп төндіруі мүмкін. Осы қондырмаларды
қолданғанда өте сақ болыңыз!
Чоппермен жұмыс істеу кезінде ұсақтағыш
пышақтың қиын айналуын байқасаңыз,
құрылғыны электроқоректендіруден алып
тастаңыз және пышақтың айналуына
кедергі келтіріп тұрған өнімді абайлап алып
тастаңыз.
Чоппер тостағанынан тағамдарды алуға
немесе сұйықтықтарды құйып алуға тек
ұсақтағыш-пышақ толық айналып тоқтағаннан
кейін ғана рұқсат етіледі.
Құрылғының айналатын бөліктеріне қол
тигізбеңіз. Қондырма-блендердің пышағы
немесе бұлғауышының айналатын аймағына
шаштың немесе киімнің салбыраған
элементтері түсуіне жол бермеңіз.
Құрылғыны әр тазалайтын кезде, сондай-ақ
оны пайдаланбайтын болған кезде құрылғыны
электр желісінен ажыратып қойыңыз.
Құрылғыны ажырату кезінде желі баусымының
тікелей ашасынан ұстаңыз.
Желі бауынан тартпаңыз және оны бұрамаңыз.
Қондырғылар мен ыдыстарды ыдыс жуу маши-
насына салмаңыз.
Қондырғыны ыстық затқа (газдық немесе
электрлік плита, духовка шкафы сияқтыларға)
жақын қолданбаңыз.
Желілік бау жиһаздың үшкір жиегіне және
ыстық беттерге жақын болмауын қадағалаңыз.
Моторлық блоктың корпусына, желілік бауға
және желілік бау айырын дымқыл қолмен
ұстауға болмайды.

Содержание

Скачать