Vitek VT-1510 SR [29/80] Қазақ

Vitek VT-1510 SR [29/80] Қазақ
29
ҚАЗАҚ
Кофе қайнату үшін тек салқын су
қолданыңыз.
Ыстық беттерін ұстамаңыз.
Өрттің, тоқпен зақымданудың алдын
алу үшін желі шнурын немесе
кофеқайнатқышты суға немесе басқа
сүйықтықтарға батырмаңыз.
Құралды тегіс бетке орнатыңыз.
Құралды қосылған күйде қараусыз
қалдырмаңыз, егерде іске қосылып
тұрған құралдың жанында балалар
немесе мүмкіндігі шектелген тұлғалар
болса аса сақ болыңыз.
Кофеқайнатқышты тазалау немесе
оған су құю алдында, сондай-ақ,
ұзақ қолданбайтын болса құралды
электрожеліден үнемі ажыратып
қойыңыз.
Егер кофеқайнатқыштың желі шнуры,
желі ашасы зақымданған болса, құрал
дұрыс жұмыс істемей тұрса, сондай
–ақ, кез келген зақымданудан кейін
оны қолданбаңыз.
Жөндеу үшін жақын арадағы қызмет
орталығына хабарласыңыз.
Желі шнуры үстелдің үстінен
салбырамай, ыстық тегістіктермен
тиіспей тұруын қадағалаңыз.
Кофеқайнатқышты ыстық тегістіктерге
қоймаңыз.
Кофеқайнатқышты сөндіру үшін қосу/
сөндіру түймешесі арқылы сөндіріңіз
де, желі ашасын розеткадан суырып
алыңыз.
Кофеқайнатқышты 0°C –тан төмен
температурада сақтауға тиым
салынады.
Кофеқайнатқыш тек үй тұрмысының
жағдайында қолданылуға арналған.
БҰЛ НҰСҚАУЛЫҚТЫ САҚТАП
ҚОЙЫҢЫЗ.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
• Кофеқайнатқышты қаптамадан
алыңыз.
Кофеқайнатқышты алғаш рет қолдану
алдында барлық алмалы- салмалы
бөлшектерін жылы сумен жуып, құрғақ
матамен сүртіңіз.
Алмалы – салмалы бөлшектерін
орындарына орнатып, олардың дұрыс
тұрғанын тексеріңіз.
Кофеқайнатқышты қосу алдында
электрожелідегі кернеу мен жиілік
құралдың затбелгісіндегі белгілерге
сəйкес келетінін тексеріңіз.
Назар аударыңыз! Кофеқайнатқышты
қолдану алдында су жіберудің
маскималды тəртібін орнатып (60мл)
бу жүйесін жуу керек, бұл шараны
2-3 рет қайталаңыз, («ЭСПРЕССО»
КОФЕСІН ДАЙЫНДАУ бөлімін
қараңыз )бірақ , орнатылған клапаны
(3) бар фильтр ұстағышын кофемен
толтырмаңыз.
«ЭСПРЕССО» КОФЕСІН ДАЙЫНДАУ
Кофеқайнатқышты тегіс бетке
орнатыңыз.
Сужиманы (9) жоғары қарай жылжытып
алыңыз да МАХ белгісіне дейін су
толтырып, орнына қайтып орнатыңыз
(1,2 сурет).
Сужиманы (9) кофеқайнатқыштан
ажыратпай-ақ сумен толтыруға
болады, тек қолайлы ыдысты
қолданыңыз.
Ескерту: Егер кофеқайнатқыштың
сужимасындағы (9) су деңгейі қажетті
мөлшерден азайып кетсе сіз дыбыс
белгісін естисіз жəне дисплейде белгі
(23) жанады. Бұл жағдайда сужимаға
масималды деңгейге дейін су толтыру
керек.
Бу жіберу тəртібі қосылмай тұрғанын
тексеріңіз. Ол үшін тұтқаны (10) сағат
тілімен қатты бұраңыз.
Желі ашасын розеткаға салыңыз,
бұл кезде дыбыс белгісі естіледі,
дисплейде (6) белгі (29) пайда болады
да помпа қосылады, 5 секундтан
1510.indd 291510.indd 29 02.04.2008 15:44:0002.04.2008 15:44:00

Содержание