Samsung HW-LST70T — bluetooth және Wi-Fi арқылы құрылғыларды қосу бойынша нұсқаулық [108/123]

Samsung HW-LST70T [108/123] Әдіс wi fi арқылы жалғау
KAZ - 26
Bluetooth байланысы бойынша ескертпелер
Bluetooth байланысы арқылы қосылу үшін жаңа құрылғыны 1 м шеңберінде
орналастырыңыз.
Bluetooth құрылғысын қосқан кезде PIN кодын енгізу қажет болса, <0000> енгізіңіз.
Soundbar құрылғысы дайын күйде 18 минуттан кейін автоматты түрде өшіріледі.
Soundbar құрылғысы келесі жағдайларда Bluetooth арқылы іздеуді немесе қосылуды дұрыс
атқармауы мүмкін:
Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болған жағдайда.
Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысымен үздіксіз жұптасқан жағдайда.
Bluetooth құрылғысы өшірулі, орнында емес немесе ақаулықтар болған жағдайда.
Электрондық құрылғылар да радиокедергілердің пайда болуына себеп болады.
Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да электрмагниттік толқын
шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.
2-әдіс. Wi-Fi арқылы жалғау
Алдын ала жалғауды бақылау тізімі
Wi-Fi қосылымы тек Samsung теледидарында қолжетімді.
Сымсыз маршрутизатор (Wi-Fi) қосылғанын және теледидар маршрутизаторға
жалғанғанын тексеріңіз.
Теледидар мен Soundbar құрылғысы бірдей сымсыз желісіне (Wi-Fi) жалғануы керек.
Егер сымсыз маршрутизатор (Wi-Fi) DFS арнасын пайдаланса, теледидар мен Soundbar
құрылғысы арасында Wi-Fi қосылымын орнату мүмкін болмайды. Мәліметтерді алу үшін
интернет қызметінің провайдеріне хабарласыңыз.
Өндірілген жылға байланысты мәзірлер әртүрлі болатындықтан, теледидардың
нұсқаулығын қараңыз.
Теледидарды Soundbar құрылғысына Wi-Fi қосылымы арқылы жалғау үшін Soundbar
құрылғысын алдымен сымсыз маршрутизаторға жалғаңыз. Wi-Fi қосылымын орнату әдісі
туралы мәліметтерді 31-беттен қараңыз.
1. Soundbar құрылғысының Wi-Fi қосылымы туралы қосымша ақпаратты 31-беттегі “2-әдіс.
Wi-Fi (сымсыз желі) арқылы қосылу” бөлімінен қараңыз.
2. Аудио мәзірін пайдалану арқылы теледидардың кіріс көзін Soundbar құрылғысына
өзгертіңіз.
2017 жылы немесе одан кейін шығарылған Samsung теледидарлары
Үй ( ) Баптаулар ( ) Дыбыс Дыбыс шығысы [AV] Samsung Soundbar LST70T
(Wi-Fi)

Содержание

Bluetooth және Wi-Fi арқылы құрылғыларды қалай дұрыс қосу керектігін біліңіз. Қосылу кезінде кездесетін мәселелер мен шешімдер туралы ақпарат алыңыз.

Скачать