Samsung HW-LST70T — bluetooth құрылғыларын Soundbar-ға қосу бойынша нұсқаулық [111/123]

Samsung HW-LST70T [111/123] Құрылғы қосылмаған жағдайда
KAZ - 29
Құрылғы қосылмаған жағдайда
Мобильді құрылғының динамиктер тізімінде Soundbar құрылғысы (мысалы,
[AV] Samsung Soundbar LST70T”) бар болса, оны жойыңыз.
1- және 2-қадамды қайталаңыз.
BT READY және BT PAIRING арасындағы айырмашылық неде?
BT READY: Бұл режимде бұрын жалғанған кез келген Samsung теледидарын немесе
мобильді құрылғыны қайта жалғауға болады.
BT PAIRING : Бұл режимде Soundbar құрылғысына жаңа құрылғыны жалғауға болады.
(Soundbar қашықтан басқару пультіндегі PAIR түймесін басыңыз немесе Soundbar
құрылғысының астыңғы панеліндегі астапқы көз) түймесін Soundbar құрылғысы
BT” режимінде болған кезде 5 секундтан астам басып тұрыңыз.)
Bluetooth байланысы бойынша ескертпелер
Bluetooth байланысы арқылы қосылу үшін жаңа құрылғыны 1 м шеңберінде
орналастырыңыз.
Bluetooth құрылғысын қосқан кезде PIN кодын енгізу қажет болса, <0000> енгізіңіз.
Soundbar құрылғысы дайын күйде 18 минуттан кейін автоматты түрде өшіріледі.
Soundbar құрылғысы келесі жағдайларда Bluetooth арқылы іздеуді немесе қосылуды дұрыс
атқармауы мүмкін:
Soundbar құрылғысының айналасында күшті электр өрісі болған жағдайда.
Бірнеше Bluetooth құрылғысы Soundbar құрылғысымен үздіксіз жұптасқан жағдайда.
Bluetooth құрылғысы өшірулі, орнында емес немесе ақаулықтар болған жағдайда.
Электрондық құрылғылар да радиокедергілердің пайда болуына себеп болады.
Микротолқынды пеш, сымсыз LAN құрылғылары және басқа да электрмагниттік толқын
шығаратын құрылғыларды Soundbar негізгі құрылғысынан алшақ ұстаңыз.
Soundbar құрылғысы SBC деректерін (44,1 кГц, 48 кГц) қолдайды.
Тек A2DP (AV) функциясын қолдайтын Bluetooth құрылғысына қосылыңыз.
Soundbar құрылғысын тек HF атты дауысты байланыс) функциясын қолдайтын Bluetooth
құрылғысына қосуға болмайды.
Soundbar құрылғысын Bluetooth құрылғысына қосқан кезде, оларды бір-біріне
мүмкіндігінше жақын орналастырыңыз.
Soundbar құрылғысы мен Bluetooth құрылғысы неғұрлым бір-бірінен алыс болса, дыбыс
сапасы соғұрлым төмен болады. Bluetooth байланысы құрылғылар қосыла алатын аймақтан
тыс болғанда үзілуі мүмкін.
Bluetooth байланысы нашар аймақтарда дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.

Содержание

Soundbar құрылғысын Bluetooth арқылы қосу үшін қажетті қадамдар мен ескертпелер. Динамиктер тізімінен құрылғыларды жою, режимдер арасындағы айырмашылықтар мен байланыс мәселелері.

Скачать