Samsung HW-LST70T — soundbar құрылғысын автоматты түрде жаңарту және баптау [116/123]

Samsung HW-LST70T [116/123] Бағдарламалық жасақтаманы жаңарту
KAZ - 34
11 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ЖАСАҚТАМАНЫ
ЖАҢАРТУ
Автоматты түрде жаңарту
Soundbar құрылғысы интернетке қосылған
кезде, Soundbar құрылғысы өшірілген болса
да, бағдарламалық жасақтаманы жаңарту
автоматты түрде жүзеге асырылады.
Автоматты түрде жаңарту функциясын
пайдалану үшін, Soundbar құрылғысы
интернетке қосылып тұруы керек.
Soundbar құрылғысының қуат сымы
ажыратылса немесе қуат өшірілсе,
Soundbar құрылғысына қосылған Wi-Fi
желісі ажыратылады. Егер қуат көзінен
ажыратылған болса, қуат қайта қосылған
кезде немесе қуат сымын қайта жалғаған
кезде, Soundbar құрылғысын іске қосып,
содан кейін оны интернетке қайта қосыңыз.
USB арқылы жаңарту
SERVICE
DC 23V
DIGITAL
AUDIO IN
(OPTICAL)
SERVICE
DC 23V
DIGITAL
AUDIO IN
(OPTICAL)
Soundbar құрылғысының артқы жағы
USB Type-C – USB
адаптерінің кабелі
(жинақпен бірге
берілмейді)
Болашақта Samsung компаниясы Soundbar
жүйесінің микробағдарламасы үшін
жаңартуларды ұсынуы мүмкін.
Жаңарту қолжетімді болғанда, Soundbar
құрылғысының SERVICE портына микробағдарлама
жаңартымын қамтитын USB дискісін жалғау
арқылы Soundbar құрылғысын жаңартуға болады.
1. Samsung Electronics веб-сайтына
(www.samsung.com) өтіңіз → клиенттерге
қолдау көрсету қызметі мәзірінде үлгі
атауын іздеңіз.
Жаңарту туралы қосымша ақпарат алу
үшін жаңарту нұсқаулығын қараңыз.
2. Жаңарту файлын (USB type-C) жүктеп алыңыз.
3. Файл атауы бар қалтаны жасау үшін
файлды мұрағаттан шығарыңыз.
4. Жасалған қалтаны USB жадында сақтап, содан
кейін оны Soundbar құрылғысына қосыңыз.
5. Soundbar құрылғысын қосыңыз. Содан
кейін құрылғы “UPDATEхабарын көрсетіп
3 минут ішінде жаңартылады.
Жаңарту кезінде құрылғыны өшірмеңіз
және USB жадын ажыратпаңыз.
Дисплей терезесінде “UPDATEхабары
көрсетілмесе, Soundbar құрылғысынан
қуат сымын шығарып, қайтадан қосыңыз.
Соңғы нұсқа орнатылған кезде,
жаңарту орындалмайды.
USB түріне байланысты жаңартуға
қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Баптандыру
Soundbar құрылғысының астыңғы жағы
INIT
Soundbar құрылғысы қосылған кезде,
корпустағы (Дыбыс деңгейі) түймелерін
бір уақытта кем дегенде 5 секунд басып
тұрыңыз. Дисплейде “INITжазбасы пайда
болып, Soundbar құрылғысы баптандырылады.
ЕСКЕРТУ
Soundbar құрылғысының барлық
параметрлері баптандырылады. Бұл
әрекетті тек баптандыру қажет болғанда
орындаңыз.

Содержание

Soundbar құрылғысының бағдарламалық жасақтамасын автоматты түрде жаңарту және баптау туралы нұсқаулық. Жаңартуды USB арқылы қалай орындау керектігін біліңіз.

Скачать