Samsung HW-LST70T — үйдегі электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулық [85/123]

Samsung HW-LST70T [85/123] Сақтық шаралары
KAZ - 3
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
1. Үйіңіздегі АТ қуат көзі өнімнің астыңғы
жағында орналасқан идентификациялық
жапсырмада тізімделген қуат талаптарына
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Өнімді
ыңғайлы жерге (жиһаздың үстіне),
айналасында желдетуге жеткілікті бос
орын 7-10 см қалдырып, көлденең қойыңыз.
Желдеткіш ұялардың жабылып қалмауын
қадағалаңыз. Ойнатқышты
күшейткіштердің немесе басқа ысып
кететін жабдықтың үстіне қоймаңыз. Бұл
өнім ұзақ пайдалануға арналған.
Құрылғыны толығымен өшіру үшін
айнымалы ток штепсельдік ұшын
розеткадан суырып алыңыз. Ұзақ уақыт
пайдаланбайтын болсаңыз, құрылғыны
ажыратыңыз.
2. Найзағайлы дауыл болғанда айнымалы
ток штепсельдік ұшын розеткадан
суырыңыз. Найзағайдан кернеудің
барынша күрт жоғарылауы құрылғыны
зақымдауы мүмкін.
3. Құрылғыны басқа жылу шығаратын
құралдардың астына қоймаңыз. Бұл
құрылғының шамадан тыс қызуына және
дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.
4. Өнімді ылғалдан (мысалы,
құмыралардан), шамадан тыс жылудан
(мысалы, камин) және күшті магниттік
немесе электр өрістерін тудыратын
жабдықтардан қорғаңыз. Өнім
жұмысында ақаулық пайда болса, қуат
кабелін айнымалы ток көзінен
ажыратыңыз. Өнім өндірістік мақсатта
пайдалануға арналмаған. Бұл өнім тек
жеке пайдалануға арналған. Өнім суық
жерде сақталған болса, конденсация
орын алуы мүмкін. Егер құрылғы қыста
тасымалданған болса, пайдалану
алдында ол бөлме температурасына
жеткенше шамамен 2 сағат күтіңіз.
5. Осы өнімнің батареяларында қоршаған
ортаға зиянды химиялық заттар бар.
Батареяларды үй қоқысымен бірге
тастамаңыз. Батареяны артық жылудың
немесе оттың әсерінен қорғаңыз.
Батареяларды қысқа тұйықтауға,
бөлшектеуге немесе қатты қыздыруға
болмайды.
ЕСКЕРТУ : Батареяны дұрыс салмаған кезде
жарылыс шығу қаупі бар. Батареяның
орнына, дәл осындай батареяны салыңыз.

Содержание

Электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану үшін қажетті сақтық шараларын біліңіз. Құрылғыларды дұрыс орналастыру, ылғалдан қорғау және батареяларды қауіпсіз пайдалану туралы ақпарат.

Скачать