Samsung HW-LST70T [114/123] Tap sound функциясын пайдалану

Samsung HW-LST70T [114/123] Tap sound функциясын пайдалану
KAZ - 32
Tap Sound функциясын пайдалану
Мобильді құрылғыдағы контенттің дыбысын Soundbar құрылғысы арқылы ойнату үшін мобильді
құрылғыңыздағы Soundbar белгісін түртіңіз.
Мобильді құрылғыға байланысты бұл функцияға қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Бұл функция Android 8.1 немесе одан кейінгі нұсқадағы Samsung мобильді
құрылғыларымен ғана үйлесімді.
Мобильді құрылғы
SmartThings
қолданбасы
Soundbar құрылғысының
үстіңгі жағы
1. Мобильді құрылғыдағы Tap Sound функциясын қосыңыз.
Функцияны қосу жолы туралы мәліметтерді төмендегі “Tap Sound функциясын орнату
бөлімінен қараңыз.
2. Soundbar белгісін мобильді құрылғымен түртіңіз. Көрсетілген хабарлама терезесіндегі “Start
now” опциясын таңдаңыз. Bluetooth арқылы мобильді құрылғы мен Soundbar арасында
байланыс орнатылады.
3. Мобильді құрылғыдағы контенттің дыбысын Soundbar арқылы ойнату.
Бұл функция құрылғы Soundbar жүйесін түрткен кезде орын алатын дірілді анықтау
арқылы мобильді құрылғыны Soundbar құрылғысына Bluetooth арқылы қосады.
Мобильді құрылғының Soundbar құрылғысының өткір бұрышына тимейтініне көз
жеткізіңіз. Soundbar немесе мобильді құрылғы сырылуы немесе зақымдалуы мүмкін.
Мобильді құрылғыны қабына салған жөн. Soundbar құрылғысының жоғарғы бөлігіндегі
кең аймақты, шамадан тыс күш жұмсамай, аздап түртіңіз.
Бұл функцияны пайдалану үшін SmartThings қолданбасын соңғы нұсқасына дейін
жаңартыңыз. Қолданбаның нұсқасына байланысты функцияға қолдау көрсетілмеуі мүмкін.
Tap Sound функциясын орнату
Tap View, Tap Sound функциясын қосу үшін SmartThings қолданбасын пайдаланыңыз.
1. Мобильді құрылғыдағы SmartThings қолданбасын іске қосыңыз.
2. Мобильді құрылғыда көрсетілген SmartThings қолданбасының экранында ( )
белгішесін таңдаңыз.
3. Мобильді құрылғы Soundbar құрылғысына жақындаған кезде, функцияның жұмыс істеуіне мүмкіндік
беру үшін Tap View, Tap Soundфункциясын қосулы күйге орнатыңыз. Функция қосылады.
ЕСКЕРТПЕЛЕР
Мобильді құрылғы қуатты үнемдеу режимінде болған кезде, Tap Sound функциясы жұмыс істемейді.
Егер Soundbar құрылғысының жанында электрлік құрылғылар сияқты радио кедергілер тудыратын
құрылғылар болса, Tap Sound функциясы жұмыс істемеуі мүмкін. Радио кедергі тудыра алатын
құрылғылардың Soundbar құрылғысынан жеткілікті қашықтықта орналасқанына көз жеткізіңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать