Vitek VT-1261 [18/32] Қазақша

Vitek VT-1261 [18/32] Қазақша
18
ҚАЗАҚША
ТІГІНЕН БУЛАУ
Тігінен булау қызметі тек жоғары температуралы
үтіктеу режимінде ғана пайдаланыла алады
(бұл жағдайда температура реттегіші (11) «•••»
немесе «MAX» күйінде орналасуы керек).
Үтікті тігінен киімнен 10-30 см қашықтықта ұстап
тұрыңыз да, қосымша бу беру батырмасын
(4) 4-5 секунд аралықпен басыңыз, бу үтіктің
табанының (13) саңылауларынан қарқынды
шығатын болады.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: синтетикалық
маталардың тігінен булануын орындау
ұсынылмайды.
Булау кезінде матаның еруін болдырмау үшін
үтіктің табанын оған тигізбеңіз.
Ешқашан адамға киюлі тұрған киімді
буламаңыз, себебі, шығатын будың темпе-
ратурасы өте жоғары, ол үшін иықшаларды
немесе киім ілгіштерді пайдаланыңыз.
Үтіктеп болғаннан кейін, үтікті сөндіріңіз,
оның толық салқындауын күтіңіз, содан кейін
су құятын саңылаудың қақпағын (2) ашыңыз,
үтікті төңкеріңіз және су қалдықтарын төгіңіз.
АВТОМАТТЫ СӨНУ
Бұл модельде үтікті автоматты түрде сөндірудің
2 тәртібі қарастырылған.
1. Егер үтік көлденең күйінде 30 секунд бойы
қозғалмай тұрса, онда үтіктің қыздырғыш
элементі өшеді.
2. Егер үтік вертикаль күйінде 8 минут бойы
қозғалмай тұрса, онда үтіктің қыздырғыш
элементі өшеді. Үтіктеу процесін қайта
жалғастырған кезде үтік автоматты түрде
іске қосылады.
БУ КАМЕРАСЫН ТАЗАРТУ
Үтіктің қызмет ету мерзімін ұзарту үшін бу
камерасын тұрақты түрде тазалап отыру қажет.
Үнемі бу беру реттегішін (3) күйіне
белгілеңіз.
Сауытты (10) «MAX» белігісіне дейін сумен
толтырыңыз.
Үтікті негізіне (9) қойыңыз.
Желілік баусымның ашасын электрлік
ашалыққа салыңыз.
Реттегішті (11) бұрап, үтік табанының
максималды қызу температурасына «MAX»
белгілеңіз, осы кезде көрсеткіш (7) жанады.
Үтік табанының (13) температурасы
белгіленген температураға жеткенде,
көрсеткіш (7) сөнеді, бу камерасын тазалауды
жүргізуге болады.
Температура реттегішін (11) «OFF»
(СӨНДІРІЛГЕН) күйіне белгілеп, үтікті
сөндіріңіз. Желілік баусым ашасын электр
ашалығынан ажыратыңыз.
Үтікті қолжуғыш үстінен көлденең орна-
ластырыңыз, содан кейін тұрақты бу беру
реттегішін (3) «өздігімен тазалану» күйіне
ауыстырыңыз және ұстап тұрыңыз.
Қайнап жатқан су мен бу қақпен бірге үтік
табанының (13) саңылауларынан сыртқа
атқылайды.
Сауыттағы (10) бүкіл су шығып болғанға
дейін үтікті алға-артқа сәл шайқаңыз.
Тұрақты бу беру реттегішін (3) жіберіңіз және
оны күйіне ауыстырыңыз.
Үтікті негізіне қойыңыз (9) және оған толық
салқындауға уақыт беріңіз.
Үтіктің табаны (13) толық салқындап
болғаннан кейін, оны құрғақ матамен сүртіңіз.
Үтікті сақтауға қойғанға дейін, сауытта (10) су
жоқ екеніне, ал үтік табаны (13) құрғақ екенін
тексеріңіз.
ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Үтікті тазалағанға дейін оның желіден
ажыратылғанына және салқындағанына көз
жеткізіңіз.
Үтіктің корпусын ылғал матамен сүртіңіз,
осыдан кейін оны құрғатып сүртіңіз.
Үтіктің табанындағы қалдықтарды сірке
суымен араласқан су ерітіндісі бар матамен
кетіруге болады.
Шөгінділерді кетіргеннен кейін табанның
бетін құрғақ матамен жалтыратып сүртіңіз.
Үтіктің табаны мен корпусын тазалау үшін
қажайтын тазартқыш заттарды пайдаланбаңыз.
Үтіктің табанын өткір металл заттарға тигізбеңіз.
САҚТАУ
Температура реттегішін (11) «OFF» күйіне
белгілеңіз, ал тұрақты бу реттегішін (3)
бу беру сөндірілген күйіне бұрыңыз.
Желілік баусым ашасын электр ашалығынан
ажыратыңыз.
Үтікті тігінен қойыңыз және оған салқындауға
мүмкіндік беріңіз.
Құятын саңылаудың қақпағын (2) ашыңыз,
үтікті төңкеріңіз және қалған суды суға
арналған сауыттан (10) төгіңіз.
Қақпақты (2) жабыңыз.
Үтікті вертикаль күйінде құрғақ, қараңғы және
салқын, балалар мен мүмкіндіктері шектеулі
адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
IM VT-1261.indd 18 9/30/20 10:52 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать