Haier HTF-508DGS7RU [44/116] Қауіпсіздік ақпараты

Haier HTF-508DGS7RU [44/116] Қауіпсіздік ақпараты
ЕСКЕРТУ!
Алғаш қолданар алдында
Тасымалдау кезінде ешқандай зақымдану болмағанына көз жеткізіңіз.
Барлық қаптамаларды алып тастаңыз жəне балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Суытқыщ агент контурының толық тиімділігін қамтамасыз ету үшін аспапты
орнатпас бұрын кемінде екі сағат күтіңіз (тік мұздату камерасы үшін алты сағат)
Жабдық ауыр болғандықтан оны үнемі кемінде екі адам ұстауы қажет.
Орнату
Техниканы жақсы желдетілетін жерге қою керек. Техниканың жоғарғы жағында
жəне айналасында кемінде 10 см кеңістік болуын қамтамасыз етіңіз.
ЕСКЕРТУ:Құрылғының корпусындағы немесе кірістірілген конструкциядағы
желдеткіш тесіктердің кедергілерден бос болуын бақылаңыз.
Техниканы ешқашан дымқыл жерге немесе сумен тиетін жерге қоймаңыз. Су
тамшылары мен дақтарды жұмсақ таза матамен сүртіңіз.
Техниканы күн сəулесі тікелей түсетін жерге немесе жылу көздерінің (мысалы,
пештер, жылытқыштар) жанында орнатпаңыз.
Техниканы оның өлшемі мен қолданылуына қолайлы жерде орнатып, тегістеңіз.
Төлқұжатты тақтайшада көрсетілген электр ақпараты қуат көзіне сəйкес келетінін
тексеріңіз. Сəйкес келмеген жағдайда электршіге хабарласыңыз.
Жабдық 220-240 В айнымалы тоқ /50 Гц қуат көзімен жұмыс жасайды. Кернеудің
қалыптан тыс тербелісі Техниканың іске қосылмауына немесе температура немесе
компрессор реттегішінің зақымдалуына əкелуі мүмкін немесе жұмыс істеу кезінде
қалыптан тыс шулар туындауы мүмкін. Бұл жағдайда автоматты реттегіш
орнатылуы тиіс.
Көп штепсельді адаптерлер мен ұзартқыш кабельдерді пайдаланбаңыз
ЕСКЕРТУ: Техниканың артқы панелінде бірнеше портативтік розеткалады немесе
портативтік қуат көздерін қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ: құрылғыны орнату кезінде қуат көзі шнуры қысылмағанына жəне
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Қуат көзі кабелін баспаңыз.
4
KZ
Қауіпсіздік ақпараты

Содержание

Похожие устройства