Haier HTF-508DGS7RU [77/116] Кепілдік талоны

Haier HTF-508DGS7RU [77/116] Кепілдік талоны
КЕПІЛДІК ТАЛОНЫ
Құрметті сатып алушы!
«Хайер» корпорациясы мына мекенжай бойынша орналасқан: S401 кеңсе,
Хайер бренд билдинг, Хайер Индастри парк Хай-тек зон, Лаошан Дистрикт,
Циндао, Қытай, Сізге таңдауыңыз үшін алғыс айтады білдіреді жəне пайдалану ережелерін ұстанған кезде осы бұйымның жоғары сапасы мен мінсіз
жұмыс атқаратындығына кепілдік береді. Тұрмыста пайдалану үшін арналған тұрмыстық бұйымның жұмысқа жарамды ресми мерзімі бұйым кесімді
тұтынушыға табысталған күннен бастап теледидарларға 5 жыл, планшеттік компьютерлерге, ноутбуктерге жəне теледидарлық приставкаларға 3 жыл,
робот-шаңсорғыштарға 4 жыл, ұялы телефондар мен гироскутерлерге 2 жыл, қалған тауарларға 7 жыл. Өнімнің жоғары сапасын ескере отырып, нақты
пайдалану мерзімі айтарлықтай ресми мерзімнен артық болуы мүмкін. Қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін профилактикалық жұмыстарды жүргізу
үшін жəне ұсынымдар алу үшін Авторландырылған сервистік орталыққа жүгінуіңізді сұраймыз. Барлық өнім пайдалану шарттарын ескере отырып
өндірілген жəне техникалық талаптардың сəйкестілігіне арналған тиісті сертификаттауды өткен.
Түсінбестікке жол бермеу үшін Сізден сатып алған кезде пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, кепілдікті міндеттемелердің шарттарын зейін қойып оқып
шығуыңызды жəне кепілдік талонының дұрыс толтырылғанын тексеруіңізді нандыра өтінеміз. Кепілдік талоны дұрыс емес немесе толымсыз
толтырылған жағдайда сатушы ұйымға жүгініңіз. Осы бұйым тұрмыстық мақсаттағы техникалық күрделі тауар болып табылады. Егер Сіз сатып алған
бұйым арнайы орнатуды жəне іске қосуды талап еткен болса, Сізге Хайер-дің Авторландырылған серіктесіне жүгінуді қадала ұсынамыз.
Осы кепілдік талонымен «Хайер» корпорациясы бұйымның ақаулары анықталған жағдайда қолданыстағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі
заңнамамен, басқа нормативтік актілермен белгіленген тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдағанын
растайды. Бірақ «Хайер» корпорациясы төменде аталған шарттарды сақтамаған жағдайда кепілдікті де, сондай-ақ сервистік қызмет көрсетуден де бас
тарту құқығын өзіне қалдырады.
Кепілдікті жəне сервистік қызмет көрсетудің шарттары
Кепілдікті жəне сервистік қызмет көрсету белгіленген үлгідегі кепілдік талонымен жинақталған бұйымдарға таралады. «Хайер» корпорациясы тауарды
тұтынушыға табыстап берген күннен бастап 12 ай кепілдікті мерзімді белгілейді жəне тауарды тұтынушыға табыстап берген күннен бастап 36 ай ішінде
қосымша сервистік қызмет көрсетеді. Ықтимал түсінбестікке жол бермеу үшін бұйымды сатқан кезде оған қоса берілетін құжаттарды (тауар чегі,
кассалық чек, пайдалану жөніндегі нұсқаулық, кепілдік талоны) қолдану мерзімі ішінде сақтаңыз. Бұйымға қосымша сервистік қызмет көрсету
Өндірушінің кінəсінен туындаған бұйымның ақауларын жою тұтынушы үшін тегін. Бұл қызмет бұйым иесі тауар жəне кассалық чектерін, бұйымды сатып
алу дерегін растаушы басқа құжаттарды көрсеткен кезде ғана көрсетіледі.
Кепілдікті сервистік қызмет көрсету ерекше Хайер-дің Авторландырылған серіктестерімен ғана көрсетіледі. ЕАЭО аумағындағы Авторландырылған
серіктестердің толық тізбесін Сіз «Хайер» ақпараттық орталығынан мына телефондар бойынша біле аласыз:
8-800-250-43-05 - Ресей тұтынушыларына арналған (Ресей өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
8-10-800-2000-17-06 - Беларусь тұтынушыларына арналған (Беларусь өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
0-800- 501-157 - Украина тұтынушыларына арналған (Украина өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
00-800-2000-17-06 – Өзбекстандағы тұтынушылар үшін (Өзбекстанның өңірлерінен қоңырау шалу тегін)
немесе www.haier.com сайтында немесе help@haieronline.ru электрондық поштасында.
Авторландырылған серіктестердің деректері өзгертілуі мүмкін, анықтама алу үшін «Хайер» ақпараттық орталығына жүгініңіз.
Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсету ақаулары келесі салдарынан туындаған бұйымдарға таратылмайды:
— тұтынушының тауарды пайдалану, сақтау жəне/немесе тасымалдау шарттары мен ережелерін бұзу;
— бұйымды дұрыс орнатпау жəне/немесе іске қосу;
— тоңазыту контурымен жəне электрлік қосылыстармен жұмыс технологияларын бұзу, сондай-ақ Бұйымды монтаждау үшін құжаттармен расталған,
тиісті біліктілігі болмаған тұлғаларды тарту;
— Бұйымның пайдалану жөніндегі нұсқаулық талап еткен техникалық қызмет көрсету мерзімде болмауы;
— суқұбыр желісіндегі артық немесе жеткіліксіз қысым;
— бұйымның осы түріне сəйкес келмейтін жуғыш құралдарды қолдану, сондай-ақ жуғыш құралдардың мөлшерлемесін асып кету;
— бұйымды тағайындалмаған мақсаттарында пайдалану;
— үшінші тұлғалардың əрекеттері: уəкіл етілмеген тұлғалармен жөндеу немесе өндірушімен санкцияланбаған құрылмалық немесе сұлбалық техникалық
өзгерістерді енгізу;
— Мемлекеттік Техникалық Стандарттардан (МЕМСТ-тен) жəне желілерді қуаттаушы нормалардан ауытқу;
— еңсерілмейтін күштердің əрекеттері (апат, өрт, найзағай жəне т.б.);
— жазатайым оқиғалар, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсыз əрекеттері;
— егер бұйым ішіне бөгде заттар, сұйықтықтар, жəндіктер, жəндіктердің тіршілік ету өнімдері түскеннен ақаулар анықталған болса;
— су жылытқыштың сумен толтырылмаған / толық толтырылмаған бəгін қосу салдарынан термоқорғаныстың іске қосылуы.
Кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсету келесі жұмыс түрлеріне таратылмайды:
— бұйымды пайдалану жерінде орнату жəне іске қосу;
— тұтынушыға бұйымды пайдалану жөнінде нұсқалама жəне кеңес беру;
— бұйымды сырттан немесе ішінен тазарту.
Төменде аталған шығыс материалдар мен аксессуарлар кепілдікті жəне қосымша қызмет көрсетуге жатпайды:
— желдеткіштерге арналған сүзгілер;
— кір жуғыш / ыдыс жуғыш машиналар үшін суды жеткізуге / ағызуға арналған сүзгілер, құбыршектер;
— шаңсорғыштарға арналған құбыршектер, түтіктер, қылшақтар, қондырмалар, шаңжинағыштар;
— қысқа толқынды пештерге арналған тəрелкелер, істіктер, ыдыстар мен тіреуіштер;
— сүзгілер, иісті сіңіргіштер, лəмпішкелер, сөрелер, жəшіктер, тіреуіштер жəне тағамдарды тоңазытқышта сақтауға арналған өзге сыйымдықтар;
— басқару пульттері, аккумуляторлық батареялар, қуаттандыру элементтері, сыртқы қуаттандыру блоктары жəне зарядтау құрылғылары;
— бұйымға қоса берілетін құжаттама.
Бұйымға мерзімді қызмет көрсету (сүзгілерді ауыстыр жəне т.б.) тұтынушының қалауы бойынша қосымша төлеу арқылы жүргізіледі.
Маңызды! Аспапта сериялық нөмірінің болмауы Өндірушіге аспапты сəйкестендіру мүмкіндігін бермейді жəне осы салдарынан оған қызмет көрсету
мүмкіндігі болмайды. Аспапта зауыттық сəйкестендіруші маңдайшаларды алып тастауға тыйым салынады. Зауыттық маңдайшаларының зақымдалуы
немесе болмауы кепілдікті міндеттемелерден бас тартудың себебі болуы мүмкін.
* қосымша сервистік қызмет көрсету электрлік су жылытқыштарға, қысқа толқынды пештерге, HRB-331 модельді тоңазытқыштарға, мұздатқыштарға, газ
плиталарына, шаңсорғыштарға, робот-шаңсорғыштарға, теледидарларға, теледидарлық приставкаларға, планшеттік компьютерлерге, ноубуктерге,
ұялы телефондарға, гироскутерлерге таралмайды.

Содержание

Похожие устройства