Haier HTF-508DGS7RU [47/116] Қауіпсіздік ақпараты

Haier HTF-508DGS7RU [47/116] Қауіпсіздік ақпараты
ЕСКЕРТУ!
Қызмет көрсету/тазалау
Балалар тазалау немесе қызмет көрсетуі кезінде балаларды қадағалаңыз.
Ағымдағы техникалық қызмет көрсетуге кіріспес бұрын Техниканы электр
желісінен өшіріңіз Техниканы қайта іске қосу алдында кемінде 7 минут күтіңіз, себебі
жиі іске қосу компрессорды зақымдауы мүмкін.
Техниканы өшіру кезінде кабельді емес, вилканы ұстаңыз.
Техниканы қатты щеткалармен, кір жууға арналған ұнтақпен, жанармаймен,
амилацетатпен, ацетонмен жəне басқа да органикалық ерітінділермен, қышқылды
немесе сілтілі ерітінділермен тазаламаңыз. Зақымданудың алдын алу үшін
тоңазытқышқа/мұздатқышқа арналған арнайы жуғыш құралдың көмегімен
тазалауыңызды өтінеміз. Ең соңында жылы су мен ас содасының ерітіндісін
қолданыңыз - бір ас қасық ас содасына бір литрге дейін су. Сумен жақсылап шайып,
құрғатып сүртіңіз. Тазартқыш ұнтақтарды немесе басқа да абразивті тазартқыш
құралдарды пайдаланбаңыз. Ыдыс жуғыш машинада алынбалы бөлшектерді
жумаңыз.
Қырау мен мұзды үшкір заттармен қырмаңыз.. Пластикалық бөлшектердің
зақымдануының алдын алу үшін аэрозольдар, жылытқыштар, фен, бумен
тазалағыш сияқты электрлік қыздырғыштар немесе басқа да жылу көздерін
пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ: Еріту процессін жылдамдату үшін, өндіруші ұсынғаннан басқа
механикалық құралдар немесе басқа да құралдарды пайдаланыңыз.
Егер қуат сымы зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін оны өндіруші,
қызмет көрсету агенті немесе соған сəйкес білікті маман ауыстыруы керек.
Техниканы өздігіңізден жөндемеңіз, бөлшектемеңіз немесе өзгертпеңіз. Жөндеген
жағдайда біздің қолдау қызметімен байланысыңыз.
Егер жарықтандыру лампалары зақымдалған болса, қауіпті жағдай туғызбас үшін
оны өндіруші, қызмет көрсету агенті немесе соған сəйкес білікті маман ауыстыруы
керек.
Өрт қауіпінің алдын алу үшін, сонымен қатар энергия тұтынуды арттыру үшін
құрылғының артқы жағының шаңын тазалаңыз, кем дегенде, жылына бір рет.
7
KZ
Қауіпсіздік ақпараты

Содержание

Похожие устройства