Haier HTF-508DGS7RU [66/116] Тазарту жəне күтім

Haier HTF-508DGS7RU [66/116] Тазарту жəне күтім
Тазалау
Техниканы тамақ аз сақталғанда немесе мүлдем жоқ кезде тазалаңыз.
Техниканы тиісті қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мен тамақтың жағымсыз иісінің алдын
алу үшін əрбір төрт апта сайын тазалаған дұрыс.
ЕСКЕРТУ!
ЕСКЕРТУ!
Тазалау алдында Техниканы қуат көзінен өшіріңіз.
26
Техниканы қатты щеткалармен, кір жууға
арналған ұнтақпен, жанармаймен,
амилацетатпен, ацетонмен жəне басқа да органикалық ерітінділермен, қышқылды
немесе сілтілі ерітінділермен тазаламаңыз. Зақымданудың алдын алу үшін
тоңазытқышқа арналған арнайы жуғыш құралдың көмегімен тазалауыңызды өтінеміз.
Тазалау уақытында Техниканы жумаңыз жəне бүркімеңіз.
Техниканы тазалау үшін су бүркінділерін немесе буды пайдаланбаңыз.
Суық шыны сөрелерді ыстық сумен жумаңыз. Температураның аяқ астынан өзгеруі
əйнектің сынуына əкелуі мүмкін.
Мұздату камерасының сақтауға арналған бөлімшесінің ішкі бетіне жанаспаңыз,
əсіресе сулы қолмен, себебі сіздің қолыңыз бетте қатып қалуы мүмкін.
Қызып кеткен жағдайда мұздатылған тауарлардың күйін тексеріңіз.
Есік төсемін үнемі таза ұстаңыз
Техниканың ішкі бөлігі мен корпусын жылы суда
суланған жуғыш пен бейтарап жуғыш құрал көмегімен
тазалаңыз.
1. Есік нығыздағыш, есік сөресін, шыны сөрелерді,
жəшіктерді жəне т.с.с қоса алғанда тоңазытқыштың
ішкі жəне сыртқы бетін жылы суда суланған жұмсақ
орамалмен немесе жуғышпен сүртуіңізді өтінеміз.
(сіз жылы суға бейтарап жуғыш құрал қоса аласыз)
2. Егер сұйықтық төгілген болса, барлық ластанған бөлшектерін жойы, ағынды сумен
жуыңыз да, кептіріңіз, сосын қайтадан тоңазытқышқа орналастырыңыз.
3. Егер төгілген кілегей (крем, балмұздақ сияқтылар), барлық ластанған бөлшектерді
жойып, біраз уақытқа 40 °C жуық температурадағы жылы суға орналастырыңыз, сосын
ағынды суда тазалап, кептіріңіз де, қайтадан тоңазытқышқа салыңыз.
4. Егер тоңазытқыштың ішінде қандай да бір кішкентай бөлшек немесе компонент
(сөрелер немесе суырмалы жəшіктер арасында) тұрып қалса, оны босату үшін
кішкентай жұмсақ щетканы пайдаланыңыз. Егер Сіз ол бөлшектерді ала алмасаңыз,
Haier қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Жұмсақ шүберекпен жуып, құрғатыңыз.
Техниканың бөлшектерін ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
Техниканы қайта іске қосу алдында кемінде 7 минут күтіңіз, себебі жиі іске қосу
компрессорды зақымдауы мүмкін.
Жібіту
Тоңазытқыш пен мұздату камерасын жібіту автоматты түрде жүреді; қолмен басқару
қажет емес.
Тазарту жəне күтім
KZ

Содержание

Похожие устройства