WINIA DDW-M1221LW [66/101] Машинаны тазалау немесе қызмет көрсету алдында әрдайым ашаны розеткадан суырыңыз

WINIA DDW-M1221LW [66/101] Машинаны тазалау немесе қызмет көрсету алдында әрдайым ашаны розеткадан суырыңыз
Ыдыс жуғыш машинаға күтім жасау
Мұзданудан қорғау
Қыста ыдыс жуғышты мұзданудан қорғау шараларын қабылдаңыз. Әр жуу циклінен
кейін келесі әрекеттерді орындаңыз:
1.
Ыдыс жуғышты қуат көзінен ажыратыңыз.
2.
Су беретін шүмекті өшіріп, су құбыршегін жіберуші клапанынан ажыратыңыз.
3.
Су құбыршегі мен жіберуші клапанынан суды төгіп тастаңыз (суды құю үшін ыдысты
пайдаланыңыз).
4.
Су құбыршегін жіберуші клапанына қайта жалғаңыз.
5.
Шанның төменгі жағындағы сүзгіні алып тастап, тұндырғыдағы суды сүртіп алыңыз.
Әр жуудан кейін
Әрбір жуудан кейін, құралға су беретін шүмекті өшіріп, ішінде ылғал мен иістер болмауы
үшін есікті сәл ашық қалдырыңыз.
Ашаны суырыңыз
Машинаны тазалау немесе қызмет көрсету алдында әрдайым ашаны розеткадан суырыңыз.
Еріткіштер немесе абразивті тазалағыштарды
пайдаланбаңыз
Ыдыс жуғыш машинаның сыртқы және резеңке бөліктерін тазалау үшін еріткіштерді
немесе абразивті тазалағыш заттарды қолданбаңыз. Жылы сабынды су мен шүберекті
пайдаланыңыз.
Машинаның ішіндегі дақтарды кетіру үшін сірке суы қосылған сумен сүртіңіз немесе
ыдыс жуғыш машиналарға арналған тазалағыш затты пайдаланыңыз.
Ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған кезде
Ыдыс жуғыш машинаны бос күйінде жуу цикліне қойыңыз, ол аяқталғанда ашаны
розеткадан суырып, су беретін шүмекті өшіріңіз және құралдың есігін сәл ашық қалдырыңыз.
Бұл есік тығыздағыштарының қызмет мерзімін ұзартуға және құралдың ішінде иістердің
пайда болмауына көмектеседі.
Құралды жылжыту
Құралды жылжыту қажет болса, оны тік күйінде жылжытыңыз. Олай жылжыту
мүмкін болмаса, оны артына жатқызуға болады.
Тығыздағыштар
Ыдыс жуғышта жағымсыз иістерді тудыратын факторлардың бірі - тығыздағыштарда қалатын
тамақ. Мұны болдырмау үшін оларды дымқыл шүберекпен тазалап тұрыңыз.
16

Содержание

Скачать