WINIA DDW-M1221LW [90/101] Сөрелер мен ас құралдары себеттерінің функциялары мен сыртқы түрі сіздің моделіңізден өзгеше болуы мүмкін

WINIA DDW-M1221LW [90/101] Сөрелер мен ас құралдары себеттерінің функциялары мен сыртқы түрі сіздің моделіңізден өзгеше болуы мүмкін
Ыдыс жуғыш машинаны жүктеу бойынша
кеңестер
Тағамның көп мөлшерде қалған қалдықтарын қырып алыңыз. Табаға күйіп
жабысып қалған тағам қалдықтарын жібітіп қойыңыз. Ыдыс-аяқты ағын сумен
шаюдың қажеті жоқ.
Ыдыс жуғыш машина жақсы жұмыс істеуі үшін оған ыдыс салғанда төмендегі
нұсқауларды орындаңыз.
(Сөрелер мен ас құралдары себеттерінің функциялары мен сыртқы
түрі сіздің моделіңізден өзгеше болуы мүмкін.)
Ыдыс жуғыш машинаға заттарды төмендегідей салыңыз:
Шыныаяқ, стақан, кәстрөл/таба т.с.с. сияқты заттарды төңкеріп қойыңыз.
Дөңес немесе ойыс жерлері бар ыдыс-аяқтан су ағып кетуі үшін
жантайтып қойыңыз.
Аударылып кетпес үшін барлық ыдыстарды мықтап орналастыру керек.
Барлық ыдыс-аяқ жуу циклi кезінде бүріккіш түтіктердің айналуына
кедергі жасамауы тиіс.
Кесе, стақан, кәстрөл, т.с.с. тәрізді шұңғыл ыдыстардың ауыздарын,
сауыттың ішіне немесе ыдыстың түбіне су жиналмау үшін төмен қаратып
салыңыз.
Ас құралдары ыдыс-аяқтардың ішінде, не олар бірінің үстінде бірі
жатпауы керек.
Стакандарға зиян келтірмеу үшін, бір-біріне тигізбей салу керек.
Үстіңгі сөре стақан, кофе мен шай кеселері тәрізді сынғыш әрі жеңілірек
ыдыстарды салуға арналған.
Тігінен орналастырылған ұзын жүзді пышақтар қауіп төндіреді!
Жүзі ұзын және/немесе өткір ет бұзатын не турайтын пышақтар тәрізді
заттарды үстіңгі себетке көлденеңінен орналастыру қажет.
Ыдыс жуғыш машинаны шамадан тыс толтырмаңыз. Бұл жуу нәтижесі
жақсы болуы және қуатты тиімді жұмсау үшін қажет.
ЕСКЕРТПЕ
:
Тым кішкентай заттарды ыдыс жуғыш машинада жумау керек, себебі олар
сөреден оңай түсіп кетуі мүмкін.
Ыдыстарды шығару
Үстіңгі себеттегі ыдыс-аяқты алып жатқан кезде астыңғы себеттегі ыдыс-
аяққа су тамшыламас үшін алдымен астыңғы себеттегі, содан кейін үстіңгі
себеттегі ыдыстарды шығаруды ұсынамыз.
Назар аударыңыз!
Ыдыстар ыстық болады!
Жарақаттануды болдырмау үшін,
бағдарлама аяқталғаннан кейін шамамен 15 минут бойы ыдыс
жуғыш машинасынан шыны мен ас құралдарын шығармаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
8

Содержание

Скачать