WINIA DDW-M1221LW [96/101] Жуу циклін бастау

WINIA DDW-M1221LW [96/101] Жуу циклін бастау
Жуу циклін бастау
1.
Астыңғы және үстіңгі себеттерді тартып шығарыңыз да, ыдыс-аяқты
салып, орнына қайта итеріңіз. Ыдыстарды әуелі төменгі себетке, содан
кейін үстіңгі себетке салуды ұсынамыз.
2.
Жуғыш затты салыңыз.
3.
Ашаны розеткаға қосыңыз. Қуат көзіне қойылатын талаптарды
техникалық сипаттамасынан қараңыз. Су құятын шүмекті шегіне дейін
ашыңыз.
4.
Машинаны қосу үшін есігін жауып, қуат батырмасын басыңыз.
5.
Бағдарламаны таңдаңыз – тиісті индикатор қосылады. Содан кейін
Бастау/үзіліс батырмасын басыңыз, сонда ыдыс жуғыш машина жуу циклін
бастайды.
Бағдарламаны өзгерту
Орындалып тұрған цикл басталғаннан бері көп уақыт өтпесе ғана өзгертуге болады,
әйтпесе жуғыш зат құйылып, машинадағы ыдыс жуылған су төгілген болуы мүмкін.
Бұндай жағдайда, ыдыс жуғыш машинаны қайта реттеп, жуғыш зат
мөлшерлегішіне тағы жуғыш зат салу керек. Ыдыс жуғыш машинасын келесідей
қайта реттеу керек:
1.
Жуу циклін тоқтату үшін Бастау/үзіліс батырмасын басыңыз.
2.
Бағдарлама батырмасын 3 секундтан артық басып тұрыңыз - бағдарлама тоқтайды.
3.
Қажетті бағдарламаны таңдау үшін Бағдарлама батырмасын басыңыз.
4.
Бастау/үзіліс батырмасын басқаннан кейін 10 секундта ыдыс жуғыш машина іске
қосылады.
3 сек.
14

Содержание

Скачать