WINIA DDW-M1221LW [68/101] Сумен жабдықтау және канализация желісіне қосу

WINIA DDW-M1221LW [68/101] Сумен жабдықтау және канализация желісіне қосу
Сумен жабдықтау және канализация
желісіне қосу
Суық суға қосу
Суық су беру құбыршегін
бұрандалы 3/4 (дюйм) жалғағышқа
жалғаңыз және оның тығыз
бекітілгеніне көз жеткізіңіз. Егер су
құбырлары жаңа болса немесе ұзақ
уақыт бойы пайдаланылмаған болса,
суды біраз ағызыңыз. Бұл су
кірісінің бітеліп қалмауы және
құрылғының зақымдалмауы үшін
қажет.
су беру құбыршегі
су беру
құбыршегінің
сақтандырғышы
Су беру құбыршегінің сақтандырғышы туралы
Су беру құбыршегінің сақтандырғышы екі қабаттан тұрады. Құбыршек жүйесі
су құбыршегі зақымданғанда және су құбыршегі мен сыртқы кеңірдек
құбыршек арасындағы ауа кеңістігі суға толы болған кезде су ағынын
тоқтатуды қамтамасыз етеді.
Назар аударыңыз!
Шұңғылшаға жалғанатын құбыршек ыдыс жуғыш машина
орнатылған деңгейдегі құбырға орнатылса, ол жарылып кетуі мүмкін.
Егер шұңғылшаңызға сондай құбыршек жалғанса, оны ажыратып,
тесігін бітеп тастау ұсынылады.
Су беру құбыршегінің сақтандырғышын жалғау
1.
Су беру құбыршегінің сақтандырғышын ыдыс жуғыштың артқы жағында орналасқан
сақтау бөлігінен толығымен шығарыңыз.
2.
Су беру құбыршегі сақтандырғышының ¾ дюйм бұрандаларын шүмекке бұраңыз.
3.
Ыдыс жуғышты іске қосар алдында суды толық күшіне қосыңыз.
Су беру құбыршегінің сақтандырғышын ажырату
1.
Суды өшіріңіз.
2.
Су беру құбыршегінің сақтандырғышын шүмектен бұрап шығарыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
18

Содержание

Скачать