WINIA DDW-M1221LW [89/101] Егер сіздің моделіңіз су жұмсартқышпен жабдықталмаған болса келесі бөлімді өткізіп жіберуге болады су жұмсартқышы

WINIA DDW-M1221LW [89/101] Егер сіздің моделіңіз су жұмсартқышпен жабдықталмаған болса келесі бөлімді өткізіп жіберуге болады су жұмсартқышы
Ыдыс жуғыш машинаға тұз салу үшін нұсқаулықтың БӨЛІМІНІҢ:
Жалпы нұсқасындағы «Су жұмсартқышына тұз салу» 3-тарауын қараңыз
ЕСКЕРТПЕ
:
Егер сіздің моделіңіз су жұмсартқышпен жабдықталмаған болса,
келесі бөлімді өткізіп жіберуге болады.
Су жұмсартқышы
Судың кермектігі әр жерде әр түрлі болады. Ыдыс жуғыш машинада кермек
су қолданылса, ыдыс-аяқ пен ас құралдарын қақ басады. Құрал судың
құрамындағы әк пен минералдарды кетіру үшін арнайы жасалған тұзды
қолданатын су жұмсартқышпен жабдықталған.
Ыдыстарды дайындау және жүктеу
Өндірушісі «ыдыс жуғыш машинада жууға болады» деп көрсеткен шыны немесе
фарфор ыдысты ғана қолданыңыз.
Кейбір ыдыстар үшін жуу температурасы төмен бағдарламаны таңдаңыз.
Ыдысқа зақым келмес үшін, бағдарлама аяқталғаннан кейін шыны ыдыс-аяқ пен
ас құралдарын ыдыс жуғыш машинадан дереу алыңыз.
Келесі ыдыс-аяқты/ас құралдарын жуу үшін
Жарамсыз
Сабы ағаштан, мүйізден, фарфордан немесе ақықтан жасалған ас құралдары.
Қызуға төзімсіз заттар.
Қызуға төзімсіз ескі және бөліктері желімделіп құрастырылған ас құралдары.
Байлаулы ас құралдары немесе ыдыс-аяқ.
Қалайы немесе мыс заттар.
Қорғасынды хрусталь.
Тоттанатын темір заттар.
Ағаш табақтар.
Синтетикалық талшықтардан жасалған заттар.
Жарамдылығы шектеулі
Көп жуғаннан кейін кейбір стакандардың өңі кетуі мүмкін.
Күміс және алюминий бөлшектердің түсі жуған кезде өзгеруге
бейім келеді.
Жалатылған ыдыс-аяқтар ыдыс жуғыш машинада жиі жуылса
әрі кетуі мүмкін.
7

Содержание

Скачать