LG LGD855 G3 [283/519] Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар

LG LGD855 G3 [283/519] Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
14
Қауіпсіз және тиімді пайдалану туралы нұсқаулар
Ескі құрылғыны қоқысқа тастау
1 Барлық электр және электрондық бұйымдар қалалық қоқыстан
бөлек, мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері
белгілеген арнайы жинау орындарына өткізілуі тиіс.
2 Ескі құрылғыны қоқысқа дұрыс тастау қоршаған орта және
адам денсаулығына қауіп төндіретін зардаптардың алдын
алуға көмектеседі.
3 Ескі құрылғыны қоқысқа тастау туралы толық ақпаратты қала
әкімшілігінен, қоқыс жинау мекемелерінен немесе өнімді сатып
алған дүкеннен алуға болады.
Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау
1 Егер батареяның құрамындағы сынап 0,0005 %, кадмий 0,002
% немесе қорғасын 0,004 % мөлшерінен артық болса, бұл
таңбамен бірге сынап (Hg), кадмий (Cd) немесе қорғасынның
(Pb) химиялық таңбалары берілуі мүмкін.
2 Барлық батареялар/аккумуляторлар қалалық қоқыстан бөлек,
мемлекеттік немесе жергілікті басқару мекемелері белгілеген
арнайы жинау орындарына өткізілуі тиіс.
3 Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа дұрыс тастау
қоршаған ортаға, жануарларға және адам денсаулығына қауіп
төндіретін зардаптардың алдын алуға көмектеседі.
4 Ескі батареяларды/аккумуляторларды қоқысқа тастау
туралы толық ақпаратты қала әкімшілігінен, қоқыс жинау
мекемелерінен немесе өнімді сатып алған дүкеннен алуға
болады.
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық регламентіне сәйкес
қолданылады және осы өнімнің қаптамасын екінші рет пайдалануға
арналмағанын және жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын
азық-түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ сандық код және/
немесе әріп белгілері түріндегі қаптама материалының белгісімен
толықтырылуы мүмкін.

Содержание

Скачать