LG LGD855 G3 [341/519] Dual play

LG LGD855 G3 [341/519] Dual play
72
Dual Play
Dual Play (сыммен немесе сымсыз екі дисплейге қосылған) функциясын
басқа экранда іске қосуға болады.
ЕСКЕРТПЕ. Екі құрылғыны сымды (Slimport-HDMI) кабельмен немесе
сымсыз (Miracast) жолмен қосыңыз. Қосылатын құрылғы HDMI кабелі
немесе Miracast қолданылатын теледидар немесе монитор болуы
мүмкін. «Галерея», «Бейне» қолданбалары Dual Play функциясында
қолданылады. Екі дисплей басқа күйде (басқаша айтқанда, монитордан
бейне көрсетіліп тұрғанда және телефонның бейне қолданбасы бос
экранды көрсетіп тұрғанда) болғанда, Негізгі пернесін бір рет
түртіңіз, одан кейін Dual Play іске қосылады. Барлық бейнелер Dual
Play функциясында қолданылмайды. Dual Play функциясы 1280X720
немесе одан жоғары ажыратымдылықпен істейді.
Галерея
Суреттер мен бейнелер альбомдарын көру үшін Галерея қолданбасын
ашыңыз.
Галерея қолданбасын ашу
• Негізгі экранда Қосымшалар пернесі > Галерея тармағын
түртіңіз.
Альбомдарыңызды көру
Галерея қолданбасы телефоныңызға сақталған суреттер мен бейнелерді,
оның ішінде Камера қолданбасымен түсірілгендерді және интернет
немесе басқа орындардан жүктеп алынғандарды көрсетеді.
• Альбомды ашу және оның құрамын көру үшін оны түртіңіз.
• Альбомдағы суретті не бейнені түртіп көріңіз.
Камера және бейне

Содержание

Скачать