LG LGD855 G3 [363/519] Баптаулар

LG LGD855 G3 [363/519] Баптаулар
94
< Қоңырау >
Провайдеріңіз ұсынатын қоңырауларды қайта бағыттау сияқты телефон
қоңырауы параметрлерін және басқа арнайы мүмкіндіктерді реттеуге
болады.
Дауыс поштасы – оператордың дауыстық пошта қызметін таңдауға
мүмкіндік береді.
Бекітілген теру нөмірлері - қосу және телефоннан қоңырау шалуға
болатын нөмірлердің тізімін жасау. Бұл үшін оператордан алынатын PIN2
коды қажет болады. Телефоннан тек тізімде бекітілген теру нөмірлеріне
қоңырау шалуға болады.
Кіріс дауыстық қоңырау қалқымалы терезесі – қолданба
пайдаланылып жатқанда кіріс дауыстық қоңырау қалқымалы терезесін
көрсету.
Қоңырауды қабылдамау – қоңырауды қабылдамау функциясын
орнатуға мүмкіндік береді. Қоңырауды қабылдамау режимі немесе
Қоңырауларды қабылдамау опцияларының бірін таңдаңыз.
Хабармен бірге қабылдамау - егер қоңырауды қабылдамасаңыз, осы
функцияны пайдаланып тез хабарлама жіберуге болады. Бұл жиналыс
кезінде қоңырауды қабылдамау керек болса пайдалы.
Құпиялықты сақтағыш – кіріс қоңырауына қоңырау шалушының атын
және нөмірін жасырады.
Қоңырауды бұру – желі бос емес кезде, жауап болмаған кезде және
сигнал болмағанда барлық қоңырауларды бұру керектігін таңдаңыз.
Автоматты жауапшы – Қосылған хэндсфри құрылғысы кіріс қоңырауына
автоматты түрде жауап берместен бұрынғы уақытты орнатыңыз. Ажырату,
1 секунд, 3 секунд және 5 секунд параметрлерінің біреуін таңдаңыз.
Қосылым дірілі – екінші тарап қоңырауға жауап бергенде телефонды
дірілдетеді.
Дауысты жақсарту – Анығырақ ести алуыңыз үшін шулы орталарда
дауыс сапасын жақсартады.
Баптаулар

Содержание

Скачать