LG LGD855 G3 [303/519] Сенсорлық экран кеңестері

LG LGD855 G3 [303/519] Сенсорлық экран кеңестері
34
Басты экран
Сенсорлық экран кеңестері
Төменде телефонда жылжу туралы біраз кеңестер берілген.
Түрту - саусақпен бір рет түрту элементтерді, сілтемелерді, төте
жолдарды және экрандық пернетақтадағы әріптерді таңдайды.
Түрту және ұстап тұру – экрандағы элементті түртіп, әрекет
орындалғанша саусағыңызды көтермей, түртіп ұстап тұрыңыз. Мысалы,
контактінің қол жетімді опцияларын ашу үшін мәтінмән мәзірі ашылғанша,
Контактілер тізімінде контактіні түртіңіз және ұстап тұрыңыз.
Сүйреу - элементті бір сәтке түртіп, ұстап тұрыңыз да, саусақты
көтерместен, саусақты мақсатты орынға жеткенше экранда жылжытыңыз.
Орнын ауыстыру үшін негізгі экранда элементтерді сүйреуге болады.
Сипау немесе сырғыту - сипау үшін бірінші тигенде кідірместен саусақты
экранда тез жылжытыңыз (элементті сүйремейсіз). Мысалы, экранды
жоғары немесе төмен жанап өтіп тізімді айналдыруға я болмаса солдан
оңға (және керісінше) жанап өту арқылы әр түрлі негізгі экрандарды
шолуға болады.
Екі рет түртувеб-бетті немесе картаны масштабтау үшін екі рет
түртіңіз. Мысалы, экран еніне сыйдыру мақсатында веб-бет бөлімшесін
реттеу үшін сол бөлімшені жылдам екі рет түртіңіз. Суретті көріп отырып,
үлкейту және кішірейту үшін екі рет түртуге де болады.
Масштабтау үшін шымшу - шымшу немесе ашу қозғалысында сұқ
саусағыңыз бен бас бармағыңызды пайдаланып, шолғышты, Карталар
бағдарламасын пайдаланып жатқанда немесе суреттерді шолу кезінде
үлкейтіңіз немесе кішірейтіңіз.
Экранды бұру - көп қолданбалар мен мәзірлерде экранның бағдары
құрылғының физикалық бағдарына сай реттеледі.
ЕСКЕРТПЕ:
• Элементті таңдау үшін белгішенің ортасын түртіңіз.
• Тым қатты баспаңыз, сенсорлы экран жай, бірақ нық түртуді
сезетіндей сезімтал.
• Қажетті опцияны түрту үшін саусақтың ұшын пайдаланыңыз. Басқа
түймелерді түртпеңіз.

Содержание

Скачать