LG LGD855 G3 [368/519] Дисплей

LG LGD855 G3 [368/519] Дисплей
99
Дисплей
< НЕГІЗГІ ЭКРАН ЖӘНЕ ҚҰЛЫП >
Басты экран
Негізгі экранды таңдау Негізгі экран немесе Оңай негізгі экран
опциясын әдепкі негізгі экран ретінде орнату.
Ақылды ақпараттық хабарлама Ақылды ақпараттық хабарлама
қосқышын түртіп, оны қосып-өшіріңіз. Ол теңшелген ақпаратты көрсететін
қосымша негізгі экранды қамтиды. LG Health немесе «Зерделі кеңестер»
құсбелгісін қойыңыз.
Тақырып – құрылғы үшін экран тақырыбын орнатады. Оны LG
SmartWorld сайтынан жүктеуге болады.
Тұсқағаз – негізгі экранда пайдаланылатын тұсқағазды орнатады. Оны
Галерея, Динамикалық тұсқағаздар, Мультифотосурет, Фотосуреттер
немесе Тұсқағаздар галереясы ішінен таңдаңыз.
Экранды жанап өтудің әсері экрандарды ауыстыру үшін жанап
өткен кездегі әсерді орнатады. Домино, Бриз, Аккордеон, Панорама,
Карусель, Қабат немесе Слайд ішінен таңдаңыз.
Негізгі экран циклына рұқсат ету – негізгі экранды үздіксіз айналдыруға
рұқсат ету құсбелгісі (соңғы экраннан кейін бірінші экранға өту).
Негізгі экранның сақтық көшірмесін жасау және қалпына келтіру
Негізгі экран қолданбасының орналасуының және тұсқағазының сақтық
көшірмесін жасау және қалпына келтіру үшін орнатыңыз.
Анықтама – негізгі экран элементтеріне және функцияларына қатысты
ақпаратты көрсетеді.
Құлыптау экраны
Экран құлпын таңдау – телефонды қорғайтын экран құлпының түрін
орнатыңыз. Экран құлпын ашу өрнегін салу қадамдарын көрсететін
экрандар жиынын ашады. Ешқайсысы, Сипау, Бет құлпын ашу, Knock
Code, Графикалық үлгі, PIN немесе Кілтсөз опциясын орнатыңыз.

Содержание

Скачать