LG LGD855 G3 [313/519] Bluetooth

LG LGD855 G3 [313/519] Bluetooth
44
Bluetooth
Көптеген басқа ұялы телефондардағы сияқты Bluetooth мәзірінен емес,
іске қосылған сәйкес қосымша арқылы деректерді жіберу үшін Bluetooth
мүмкіндігін пайдалануға болады.
ЕСКЕРТПЕ:
• Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберілген немесе
қабылданған деректердің жоғалуына, оларды бөтен адамдардың
алуына немесе дұрыс қолданбауына LG компаниясы жауап бермейді.
• Әрдайым деректерді сенімді және жақсы қорғалған құрылғылармен
бөліскеніңізге және қабылдағаныңызға көз жеткізіңіз. Құрылғылар
арасында кедергілер болса, байланыс арақашықтығы қысқартылады.
• Кейбір құрылғылар, әсіресе, Bluetooth SIG арқылы сыналмағандары
немесе мақұлданбағандары құрылғыңызбен үйлесімді болмауы
мүмкін.
Bluetooth мүмкіндігін қосып, телефоныңызды Bluetooth қосылған
құрылғымен жұптау
Қосылмай тұрып құрылғыны екінші құрылғымен жұптау керек.
1 > > Қосымшалар қойындысын > Баптаулар >
Желілер қойындысын түртіңіз > Bluetooth функциясын
Қосулы мәніне орнатыңыз.
2 Bluetooth мәзірін қайтадан түртіңіз. Телефонды көрінетін
ету опциясын және құрылғыларды іздеу опциясын көресіз.
Енді Bluetooth ауқымындағы құрылғыларды көру үшін
Құрылғыларды іздеу опциясын түртіңіз.
3 Тізімнен жұпталатын құрылғыны таңдаңыз.
Жұптау сәтті болғанда, құрылғыңыз екінші құрылғыға қосылады.
Желілерге және құрылғыларға қосылу

Содержание

Скачать