LG LGD855 G3 Инструкция по эксплуатации онлайн [314/519] 81787

LG LGD855 G3 Инструкция по эксплуатации онлайн [314/519] 81787
45
ЕСКЕРТПЕ: кейбір құрылғыларда, әсіресе, құлаққаптарда немесе
хэндсфри көлік жинақтарында, бекітілген Bluetooth PIN коды болуы
мүмкін, мысалы, 0000. Екінші құрылғыда PIN коды болса, оны енгізу
сұралады.
Деректерді Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы жіберу
1 Тиісті қосымшадан немесе Жүктеулер қалтасынан контакт,
күнтізбе оқиғасы немесе мультимедиалық файл сияқты бір
файлды немесе элементті таңдаңыз.
2 Деректерді Bluetooth арқылы жіберу үшін параметрді
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: опцияны таңдау әдісі деректер түрі бойынша әр түрлі
болуы мүмкін.
3 Bluetooth қосылатын құрылғыны іздеңіз және жұптаңыз.
Деректерді Bluetooth сымсыз байланыс мүмкіндігі арқылы қабылдау
1 > > Қосымшалар қойындысын > Баптаулар >
Желілер қойындысын түртіңіз > Bluetooth функциясын
Қосулы мәніне орнатыңыз.
2 Қайтадан Bluetooth мәзірін түртіп, басқа құрылғыларға
көрінетін ету үшін экранның жоғарғы жағына құсбелгілер
қойыңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Құрылғы көрінетін уақыт ұзақтығын таңдау үшін >
Visibility timeout (Көріну уақыты өтті) тармағын түртіңіз.
3 Құрылғыдан деректерді қабылдағыңыз келсе, Accept
(Қабылдау) түймешігін басыңыз.

Содержание

Скачать