LG LGD855 G3 [380/519] Pc бағдарламалық құралы lg pc suite

LG LGD855 G3 [380/519] Pc бағдарламалық құралы lg pc suite
111
«LG PC Suite» компьютер бағдарламалық құралы — USB кабелі немесе
Wi-Fi байланысы арқылы құрылғыны компьютерге қосуға көмектесетін
бағдарлама. Қосылғаннан соң құрылғының функцияларын компьютерден
пайдалануға болады.
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралы арқылы
мыналарды орындауға болады...
• Мультимедиалық мазмұндарды (музыка, фильм, суреттер)
компьютерден басқарып, ойнату.
• Мультимедиалық мазмұндарды құрылғыға жіберу.
• Құрылғы мен компьютердегі деректерді (кестелерді, контактілерді,
бетбелгілерді) синхрондайды.
• Құрылғыдағы қолданбалардың сақтық көшірмесін жасау.
• Құрылғыдағы бағдарламалық құралды жаңарту.
• Құрылғының деректерінің сақтық көшірмесін жасап, қалпына келтіру.
• Компьютердегі мультимедиалық мазмұнды құрылғыңыздан ойнату.
• Құрылғыда жаднамалар жасау, өзгерту және олардың сақтық
көшірмелерін жасау
ЕСКЕРТПЕ: «LG PC Suite» компьютер бағдарламалық құралын
пайдалану жолын табу үшін қолданбадан Анықтама мәзірін
пайдалануға болады.
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралын орнату
«LG PC Suite» компьютердің бағдарламалық құралын LG веб-бетінен
жүктеп алуға болады.
1 www.lg.com мекенжайына кіріп, қажетті елді таңдаңыз.
2 Support (Қолдау) > MOBILE SUPPORT (МОБИЛЬДІ ҚОЛДАУ)
> LG Mobile Phones (LG ұялы телефондары) > Select the
Model (Моделін таңдау) бөліміне өтіңіз
немесе
Support (Қолдау) > Mobile (Ұялы телефон) > Select the Model
PC бағдарламалық құралы (LG PC Suite)

Содержание

Скачать