LG LGD855 G3 Инструкция по эксплуатации онлайн [364/519] 81787

LG LGD855 G3 Инструкция по эксплуатации онлайн [364/519] 81787
95
Белгісіз нөмірлерді сақтау – қоңыраудан кейін белгісіз нөмірлерді
контактілерге сақтау.
Қуат пернесімен қоңырауды аяқтау – қоңырау аяқталуын таңдауға
мүмкіндік береді.
Қоңырауға тыйым салу – кіріс, шығыс немесе халықаралық
қоңырауларды құлыптау.
Қоңырау ұзақтығы – қоңыраулар ұзақтығын, соның ішінде соңғы
қоңырауды, шалынған қоңырауларды, қабылданған қоңырауларды және
барлық қоңырауларды көру.
Қосымша қоңырау баптаулары – бұл келесі параметрлерді өзгертуге
мүмкіндік береді:
Қоңырау шалушының ұқсатқышы: шығыс қоңырауда нөміріңізді
көрсету керек пе, соны таңдаңыз.
Қоңырауды күттіру: – егер қоңырауды күттіру іске қосылған болса,
телефонда болғаныңызда (желі провайдеріңізге байланысты) телефон
кіріс қоңырау туралы хабарлайды.
<Бөлісу және жалғау>
NFC – телефоныңыз NFC қолдайтын мобильді телефон болып
табылады. NFC (Near Field Communication) дегеніміз электрондық
құрылғылар арасында екі жолды байланысты іске қосатын сымсыз
қосылу технологиясы болып табылады. Ол бірнеше сантиметр ара
қашықтықта жұмыс істейді. Мазмұнды NFC тегімен немесе басқа NFC
қолдау құрылғысымен оны құрылғыңызбен байланыстыру арқылы бөлісуге
болады. NFC тегті құрылғымен байланыстырсаңыз, ол тег мазмұнын
құрылғыда көрсетеді.
NFC қосу не өшіру: басты экранда хабарландыру тақтасын
саусағыңызбен басып, NFC белгішесін таңдап, оны қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: ұшақ режимі қосылғанда, NFC қосымшасын пайдалануға
болады.

Содержание

Скачать