LG LGD855 G3 Инструкция по эксплуатации онлайн [374/519] 81787

LG LGD855 G3 Инструкция по эксплуатации онлайн [374/519] 81787
105
LG пернетақтасы – пернетақтаны құрылғының оң не сол жағына
жылжытуға мүмкіндік беруге белгілеңіз. Бір не екінші жағына жылжыту
үшін көрсеткіні түртіңіз.
Экранды құлыптау – PIN құлыптаулы экран пернетақтасын құрылғының
оң не сол жағына жылжытуға мүмкіндік беру үшін белгілеңіз. Бір не екінші
жағына жылжыту үшін көрсеткіні түртіңіз.
Анықтама – бір қолға арналған әрекетке қатысты ақпаратты көрсетеді.
< Жылдам перне >
Экран өшіп немесе құлыптанып тұрғанда «Дыбыс деңгейі» пернелерін
басып тұрып, қолданбаларға жылдам өтіңіз. Экранның үстіңгі оң жақ
бұрышындағы «Жылдам перне» қосқышын (Жылдам перне қосқышының
суреті) түртіп, оны ҚОСУ немесе ӨШІРУ күйіне ауыстырыңыз.
< Қауіпсіздік >
Мазмұнды құлыптау – Галереядағы файлдарды құлыптау үшін құлыптау
түрлерін таңдаңыз. Біреуін таңдаңыз: Кілтсөз немесе Үлгі.
Телефонды шифрлау – телефондағы деректерді қауіпсіздік
үшін шифрлауға мүмкіндік береді. Телефонды қосқан сайын оны
шифрсыздандыру үшін сізден PIN не құпия сөз енгізу қажет етіледі.
SD карта қоймасын шифрлау – SD карта қоймасын шифрлауға
және деректерді басқа құрылғылар үшін қол жетімді емес етіп сақтауға
мүмкіндік береді.
SIM картасының құлпын реттеу – Micro-USIM картасының құлпын
орнатады немесе Micro-USIM картасының PIN кодын өзгертеді.
Кілтсөзді көрсетіп терутерген кезде жасырын кілтсөздің соңғы
таңбасын көрсету.
Телефон әкімшілері – телефон әкімшілерін көру немесе ажырату.
Белгісіз көз: Play store қызметінен алынбаған қолданбаларды орнатудың
әдепкі параметрі.
Қолданбаларды растау – зиян келтіруі мүмкін қолданбаларды орнатудан
бұрын рұқсат етпеу немесе ескерту.

Содержание

Скачать