Centek CT-1499 [10/24] Құрылғы мен қаптама материалдарын балаларға ойыншық ретінде пайдалануға

Centek CT-1499 [10/24] Құрылғы мен қаптама материалдарын балаларға ойыншық ретінде пайдалануға
10
- Температураны ұстап тұру
- Тостағанның күймейтін қабаты
- Электрондық басқару және LED дисплей
- Бастауды 24 сағатқа кейінге қалдыру
- Кіріктірілген микрокомпьютер кез келген режимді интуициялық басқаруға, баптауға
кепілдік береді және пайдаланушыдан арнайы дағдылар мен білімді талап етпейді.
- Керек-жарақтар жиынтығы 4 бұйымнан тұрады
- Рецептер кітабы
МУЛЬТИПІСІРГІШ:
1. Қақпақты ашу батырмасы
2. Мультипісіргіш қақпағы
3. Мультипісіргіш корпусы
4. Басқару панелі
5. Бу клапаны
6. Конденсат жинауға арналған контейнер
7. LED дисплейі
БАСҚАРУ ПАНЕЛІ:
8. Жұмыс индикаторы
9. «Бас тарту/Отмена» және «Жылыту/Подогрев» батырмалары
10. Бағдарламалар панелі
11. Уақыт (время), температура және кейінге қалдыруды (отсрочка) баптау батырмасы
12. Дисплей
13. Уақыт, температура және кейінге қалдыру индикаторлары
14. «Іске қосу/Пуск» батырмасы
15. «Мәзір/Меню» батырмасы
16. Уақыт (время), температура және кейінге қалдыруды (отсрочка) өзгерту батырмасы
3. ЖИЫНТЫҚТАМАСЫ
1. Мультипісіргіш - 1 дана
2. Өлшеуіш стақан - 1 дана
3. Тостаған -1 дана
4. Желіге қосатын бау -1 дана
5. Буқазан -1 дана
6. Күрішке арналған қасық - 1 дана
7. Сорпа қасық -1 дана
8. Пайдаланушы нұсқаулығы -1 дана
9. Рецептер кітабы -1 дана.
4. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
- Құрылғыны желіге қоспас бұрын, қолыңыздың құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
Розеткаға қоспас бұрын, желінің кернеуі құрылғыны қуаттау талаптарына сәйкес
келетіндігін тексеріңіз. Мұны техникалық сипаттамалардан немесе құрылғының
зауыттық тақтайшасынан білуге болады. Егер ұзартқыш пайдаланатын болсаңыз,
оның құрылғыда тұтынылатын қуатқа есептелгеніне көз жеткізіңіз. Электр тогының
кернеуіндегі айырма қысқа тұйықталуға немесе кабельдің өртенуіне әкелуі мүмкін.
- Егер құрылғыны розеткадан суырғыңыз келсе, желіге қосатын бауды құрғақ қолмен
бауынан емес, ашасынан тартып суырыңыз, әйтпесе бұл кабельдің үзілуіне немесе
электр тогына соғылуға әкелуі мүмкін. Пайдаланғаннан кейін, сондай-ақ тазалау
немесе жылжыту кезінде құрылғыны розеткадан суырыңыз.
- Желіге қосатын бау заттардың қырлы бұрыштары мен шетіне тимеуі тиіс, жылу көз-
деріне (газ және электр плиталары) жақын тартылмауы тиіс. Бұл кепілдік шарттарына
сәйкес келмейтін ақаулықтарға әкелуі мүмкін.
- Желіге қосатын бауының бұралмауын және үстелдің шетіне тиіп майыспауын қадаға-
лаңыз. Құрылғыны әрдайым құрғақ және тегіс жерге орналастырыңыз. Құрылғымен
жұмыс кезінде, сондай-ақ жалпы қабылданған қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.
- Құрылғы мен қаптама материалдарын балаларға ойыншық ретінде пайдалануға
беруге болмайды.
- Балаларды жұмыс істеп тұрған құрылғының жанында жалғыз қалдырмаңыз.
Құрылғыны балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Қосулы тұрған құрылғы-
ны қараусыз қалдырмаңыз.
- Құрылғыны ашық ауада пайдалануға тыйым салынады.
ҚҰРЫЛҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ
Құрылғыны тегіс еденге көлденеңінен орнатыңыз. Орнатқан кезде пісіру кезінде ыстық
бу жиһазға, тұрмыстық техникаға, қабырғаларға және т. б. тимеуін қарастырыңыз.
Ас дайындар алдында құрылғының ішкі және сыртқы бөліктері таза екеніне көз
жеткізіңіз, ыдыс пен қыздыру элементінің арасында бөгде заттар болмауы керек.
НЕГІЗГІ ОПЕРАЦИЯЛАР
1. Қуаттау кабелінің ашасын розеткаға тығу арқылы құрылғыны қосыңыз.
2. Қажетті бағдарлама жанғанша жылдам ауыстыруға арналған «Мәзір/Меню» батырмасын
басып тұрыңыз («Мәзір/Меню» батырмасы басылған сайын келесі бағдарламаға өтеді,
ауыстыру үшін «-» немесе «+» батырмаларын пайдалануға болады), дисплейде негізгі
жұмыс уақыты мен температура параметрлері көрсетіледі.
3. Таңдалған бағдарламаны растау және бастау үшін «Іске қосу/Пуск» батырмасын 2 секунд
басып тұрыңыз. Іске қосылғаннан кейін дисплей пісіру уақытын кері ретпен санай бастайды.
4. Жұмыс аяқталғаннан кейін дыбыстық сигнал естіліп, мультипісіргіш автоматты түрде
«Жылыту/Подогрев» режиміне өтеді («Йогурт» бағдарламасынан басқа), тағам жылы
күйде ұсталады, дисплейде осы режимде болу уақыты көрсетіледі. Таңдалған функцияны/
бағдарламаны жылытуды өшіру немесе одан шығу үшін «Жылыту/Подогрев/ Бас тарту/
Отмена» батырмасын 2 секунд басып тұрыңыз. «Жылыту/Подогрев» режимін қосу үшін
«Жылыту/Подогрев/Бас тарту/Отмена» батырмасын 2 секунд басып тұрыңыз.
ДАЙЫНДАУ УАҚЫТЫН ОРНАТУ
1. Қажетті бағдарламаны таңдаңыз. Дисплейде әдепкі тамақ пісіру уақыты көрсетіледі.
2. Әр бағдарламаның пісіру уақытын реттеу үшін «Баптау/Настройка/температура»
батырмасын бір рет басыңыз.
3. Пісіру уақытын азайту немесе көбейту үшін «-» немесе «+» батырмаларын басыңыз.
4. Таңдалған бағдарламаны растау және бастау үшін «Іске қосу/Пуск» батырмасын 2
секунд басып тұрыңыз. Іске қосылғаннан кейін дисплей пісіру уақытын кері ретпен
санай бастайды.
ПІСІРУ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ОРНАТУ
1. Қажетті бағдарламаны таңдаңыз. Дисплейде әдепкі тамақ пісіру уақыты көрсетіледі.
2. Бағдарламалардағы («Жылыту/Подогрев» және «Ысыту/Разогрев» режимдерінен
басқа) пісіру уақытын өзгерту үшін «Баптау/Настройка/температура» батырмасын
бір рет басыңыз.
3. Температураны азайту немесе көбейту үшін «-» немесе «+» батырмаларын басыңыз.
4. Таңдалған бағдарламаны растау және бастау үшін «Іске қосу/Пуск» батырмасын 2
секунд басып тұрыңыз. Іске қосылғаннан кейін дисплей пісіру уақытын кері ретпен
санай бастайды.
БАСТАУДЫ КЕЙІНГЕ ҚАЛДЫРУДЫ ОРНАТУ
1. Қажетті бағдарламаны таңдаңыз. Дисплейде әдепкі тамақ пісіру уақыты көрсетіледі.
2. Бағдарламаның пісіру уақытын кейінге қалдыру үшін «Баптау/Настройка/тем-
пература» батырмасын үш рет басыңыз. Әдепкі кейінге қалдыру уақыты 30 минут.
Ескертпе: «Фритюр», «Паста», «Ысыту/Разогрев», «Жылыту/Подогрев» және «Қуыру/
Жарка» бағдарламалары кейінге қалдырылмайды.

Содержание

Скачать