Karcher BP 4 Home & Garden [59/64] Қазақша 59

Karcher BP 4 Home & Garden [59/64] Қазақша 59
Қазақша 59
Сорғы істейді, бірақ сормайды
Сорғыда ауа бар.
1. Іске қосу процедурасы дұрыс орындалғанын
тексеріңіз (келесі тарауды қараңыз Пайдалануға
енгізу жəне Іске қосу).
Ластың бөлшектері сору жағын бітейді.
1. Желі кабелін токтан ажыратыңыз.
2. Су сору жағын тазалаңыз.
Алдын ала тазалау сүзгісі бітелген.
1. Желі кабелін токтан ажыратыңыз.
2. Сорғыны суытыңыз.
3. Су сору жағын тазалаңыз.
4. Алдын ала тазалау сүзгісін тазалаңыз (келесі
тарауды қараңыз Сүзгілерді тазарту).
5. Толтыру саңылауы арқылы толтыру келте
құбырындағы ластың қалдықтарын шайыңыз.
6. Сорғыны іске қосыңыз.
Соратын шланг немесе жалғағыш адаптер дұрыс
емес бұралған.
1. Тығыздатқыштар мен тығыздамалар дұрыс
орналасқанын тексеріңіз.
2. Соратын шланг пен жалғастырғыш адаптерді
қолмен бұраңыз.
Жұмыс барысында сорғы іске қосылмайды
немесе кенеттен тоқтап қалады
Электр қуаты үзілген.
1. Сақтандырғыштар мен электр қосылымдарын
тексеріңіз.
Алдын ала тазалау сүзгісі бітелген.
1. Алдын ала тазалау сүзгісін тазалаңыз (келесі
тарауды қараңыз Сүзгілерді тазарту).
2. Толтыру саңылауы арқылы толтыру келте
құбырындағы ластың қалдықтарын шайыңыз.
Сорғы автоматты жұмыс күйінде, ал жүйедегі қысым
1,3 бар шамасынан жоғары.
Егер ішкі қысым 1,3 бар шамасынан жоғары болса,
құрал автоматты режимде жұмыс істемейді, демек
сорғыға 13 м шамасынан жоғары су бағаны əсер
етеді.
1. Жүйедегі қысымды азайтыңыз.
Жүйедегі қысым 1,3 бар шамасынан төмен
түскенде, сорғы автоматты түрде іске қосылады.
Сорғы өшіп, «Сору жағында қате бар»
жарықдиодты индикациясы жанады
Шығында кедергі бар, қысым жасалмайды.
1. Желі кабелін токтан ажыратыңыз.
2. Су берілетін ыдыста (мыс., цистерна) су
жеткілікті екенін тексеріңіз.
3. Сору жағындағы қосылымдарда су ағып
жатпағанын тексеріңіз.
4. Алдын ала тазалау сүзгісін тазалаңыз (келесі
тарауды қараңыз Сүзгілерді тазарту).
5. Толтыру саңылауы арқылы толтыру келте
құбырындағы ластың қалдықтарын шайыңыз.
6. Сорғыны іске қосыңыз.
Су шығыны тым аз, құрақ жүріс қорғанысы сорғыны
өшірді.
1. Су берілетін ыдыста (мыс., цистерна) су
жеткілікті екенін тексеріңіз.
2. Су құбыры кранын көбірек ашыңыз.
Шығын артады.
Су ағып жатқандықтан немесе су құбыры краны
жабық болғандықтан, сору ақауы бар. Сорғы су
соруды тоқтатпайды.
1. Су құбыры кранын көбірек ашыңыз.
2. Жүйеде су ағып жатпағанын тексеріңіз.
Су ағуды тоқтату мүмкін болмаса, теңестіргіш
резервуарды орнатыңыз (келесі тарауды
қараңыз Құрал-жабдықтар мен қосалқы
бөлшектер).
Сорғы автоматты режимде өшіп, «Арынды
жағында қате бар» жарықдиодты индикациясы
жанады
Су ағып жатқандықтан сорғы жиі қосылып, өшеді.
1. Арынды жағында су ағып жатпағанын тексеріңіз
(мысалы, су ағып жатқан су құбыры краны).
Су ағуды тоқтату мүмкін болмаса, теңестіргіш
резервуарды орнатыңыз (келесі тарауды
қараңыз Құрал-жабдықтар мен қосалқы
бөлшектер).
2. Сорғыны іске қосыңыз.
Сорғыны өшіргеннен кейін қысым тым аз. Құрал
қайта дереу қосылып, жиі қосылып, өшеді.
1. Арынды жағында қысымды арттырыңыз.
Бау-бақшада пайдаланғанда, ұзындығы ең
азы 5 м жəне диаметрі ¾” немесе ұзындығы 15
м жəне диаметрі ½” болатын бау-бақша
шлангісін пайдаланыңыз.
Стационарлық монтаждау кезінде теңестіргіш
шлангіні немесе резервуарды жалғаңыз
(келесі тарауды қараңыз Құрал-жабдықтар
мен қосалқы бөлшектер).
2. Сорғыны іске қосыңыз.
Сорғы қолмен басқарылатын режимде өшіп,
«Арынды жағында қате бар» жарықдиодты
индикациясы жанады
Сорғы ең азы 4 минут жұмыс істейді, бірақ арынды
жағындағы шығыс (мысалы, су құбыры краны)
жабық. Қызып кетуден қорғанысы құралды өшіреді.
1. Желі кабелін токтан ажыратыңыз.
2. Арынды жағына жалғанған су толтыруды
ашыңыз.
Құрал қысымды тастайды.
3. Сорғыны іске қосыңыз.
Сорғының қуаты төмендейді немесе тым аз.
Ластың бөлшектері сору жағын бітейді.
1. Желі кабелін токтан ажыратыңыз.
2. Су сору жағын тазалаңыз.
Алдын ала тазалау сүзгісі бітелген.
1. Желі кабелін токтан ажыратыңыз.
2. Сорғыны суытыңыз.
3. Су сору жағын тазалаңыз.
4. Алдын ала тазалау сүзгісін тазалаңыз (келесі
тарауды қараңыз Сүзгілерді тазарту).
5. Толтыру саңылауы арқылы толтыру келте
құбырындағы ластың қалдықтарын шайыңыз.
6. Сорғыны іске қосыңыз.
Сору жағында саңылау бар.
1. Сору жағында саңылау жоқ екенін тексеріңіз.
Сорғының максималды арыны үдетілген жəне беру
көлемі оңтайландырылмаған.
1. Сорғының максималды арынын ескеріңіз (келесі
тарауды қараңыз Техникалық сипаттамалары).
2. Қажет болса, басқа диаметрдегі шлангіні немесе
басқа ұзындықтағы шлангіні таңдаңыз (келесі
тарауды қараңыз Өнімділікті оңтайландыру).
Арынды жағындағы қима тарылған.
1. Вентиль мен шарлық кранды толық ашыңыз.
Арынды жағындағы шланг қысылып қалған.
1. Шлангінің бүктеліп қалған жерлерін түзеңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать