Jaguar Pro5 [5/96] Назар аударыңы

Jaguar Pro5 [5/96] Назар аударыңы
3
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША ЕРЕЖЕЛЕР
Электр құралын пайдаланау барысында негізгі сақтандыру шараларын сақтау керек, соның ішінде төменде келтірілгендер.
Бұл тігін машинасын пайдаланар алдында барлық нұсқаулықтармен мұқият танысыңыз.
ҚАУІПТІ
-
-
Электр тогынан жарақат алуды болдырмау үшін:
1. Егер токқа қосылған болса бұл тігін машинасын қараусыз қалдырмаңыз. Əрдайым тігін машинасын пайдаланғаннан кейін
сөндіріп, дереу тазартыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
-
Күйіп қалу, өртенуді, электр тогынан жарақат алу немесе зақымдануларды
болдырмау үшін:
1. Машинаны ойыншық ретінде пайдаланбаңыз. Егер қасыңызда балалар болса ерекше мұқият болыңыз.
2. Бұл электр құралы дене, жүйке немесе психикалық мүмкіндіктері шектелген немесе тəжірибесі жəне хабарданғандығы
жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың), оларға тиісті нұсқаулықтар берілген немесе құралды пайдалану
олардың қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның қарауында болатын жағдайларды қоспағанда пайдалануына арналмаған. Тігін
машинасымен ойнауды болдырмау үшін балалар тек үлкендердің қарауында ғана тігін машинасымен жұмыс істей алады.
3. Бұл тігін машинасын осы нұсқаулыққа сəйкес тек оның тікелей белгіленген мақсаты бойынша пайдаланыңыз. Осы
нұсқаулықта көрсетілген тек дайындаушы-зауытпен ұсынылған жабдықтарын пайдаланыңыз.
4. Егер де қоректендіру сымы немесе айыр зақымданған немесе машина іркілістермен жұмыс істеп жатса, егер құлап
немесе машина зақымданса немесе егер машина суға құласа машинаны қосуға болмайды. Мұндай жағдайларда ресми
дилерге немесе авторластырылған қызмет көрсету орталығына машинаны қарау, жөндеу, электрлік немесе механикалық
реттеу үшін жолығыңыз.
5. Егер қоректендіру сымы зақымданған болса, электр тогынан жарақат алуды болдырмау үшін ол өндірушімен, қызмет
көрсету орталығымен немесе біліктілігі тең тұлғалармен алмастырылуы тиіс.
6. Желдеткіш ойықтары бөгелген тігін машинасын ешқашан пайдаланбаңыз. Желдеткіш ойықтарына жəне басқару
баспаларына қоқыс, түк жəне шаң-тозаңның жиналмауын қадағалаңыз.
7. Машинаны құлатпаңыз жəне ойықтарына бөгде құралдарды салмаңыз.
8. Машинаны үй-жайдан тыс жерде пайдаланбаңыз.
9. Аэрозольдарды (спрейларды) шашу немесе таза оттегін қолдану орындарында машинада жұмыс істеуге жол берілмейді.
10. Сөндіру үшін ауыстырып-қосқышты «Сөндірілген - О» күйіне ауыстырып, содан кейін айырды ток көзінен суыру керек.
11. Машинаны қараусыз қалдыратын кезде сөндіріңіз немесе айырды ток көзінен суырыңыз. Техникалық қызмет көрсету
немесе шамдарын алмастырудан бұрын машинаны əрдайым электр желісінен сөндіріңіз.
12. Ток көзінен суыру кезінде желілік сымды тартпай, штепсельден ұстаңыз.
13. Машинаның қозғалып жатқан бөліктеріне саусақтарыңызды тигізбеңіз. Жұмыс істеу барысында иненің аумағында ерекше
мұқият болыңыз.
14. Инелі төсемі зақымданған машинада ешқашан жұмыс істемеңіз, өйткені бұл иненің сынуына əкеп соғуы мүмкін.
15. Майысқан инелерді пайдаланбаңыз.
16. Тігу барысында матаны тартпаңыз жəне итермеңіз. Бұл иненің сынуына əкеп соғуы мүмкін.
17. Жоғарғы жіпті салу, инені алмастыру, төменгі жіпті тарту немесе қысқыш табанын алмастыру жəне т.б. сияқты иненің
аумағында қандай да бір əрекеттер жасағанда машинаны сөндіріңіз (“О” күйі).
18. Қақпақты ашу, майлау немесе техникалық қызмет көрсетумен байланысты жəне пайдалану бойынша нұсқаулықта
айтылған кез келген əрекеттерді жүзеге асыру барысында машинаны əрдайым электр көзінен сөндіріңіз.
19. Электр тогынан жарақат алуды болдырмау үшін машинаны, желілік кабельді немесе штепсельді суға немесе басқа да
сұйықтықтарға салмаңыз.
20. Жарықдиодтық шамның ең жоғарғы қуаты 0,3 Вт, тұрақты токтың ең жоғарғы кернеуі - 5 В құрайды. Егер жарықдиодтық
шам зақымданған болса, құралды пайдаланбай, оны жөндеу немесе шамын алмастыру үшін өндірушіге жолдаңыз
немесе қызмет көрстеу орталығына тапсырыңыз.
21. Жарақаттарды болдырмау үшін:
- Егер машинаны қараусыз қалдыратын болсаңыз басқару тепкісін сөндіріңіз;
- Қандай да бір техникалық əрекеттер жүргізу барысында басқару тепкісін сөндіріңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ-
-
Жарақаттарды болдырмау үшін қызмет
көрсетер алдында қозғалатын
ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТЫ
САҚТАҢЫЗ
Бұл өнім тек үйде немесе баламалы жағдайда
пайдалануға арналған.
Бұл құрылғы электромагниттік
үйлесімділік бойынша ЕЭС
200411081 ЕС директивалары
талаптарына сəкес келеді.
Назар аударыңыз, бұл өнім электрлік/
электрондық өнімдер туралы ұлттық
заңнамаға сəйкес қауіпсіз жойылуы тиіс.
Күмəнданған жағдайда қосымша ақпарат
алу үшін сатушыға хабарласыңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать