Hansa BK318.3FVC [39/124] Қызметкөрсетужәнефункциясы

Hansa BK318.3FVC [39/124] Қызметкөрсетужәнефункциясы
39
ҚЫЗМЕТКӨРСЕТУЖӘНЕФУНКЦИЯСЫ
Температураныреттеу(10сурет):
KK
1. Құрылғыны электр қуаты желісіне қосқан кезде, ол 4 температуралық режимде
жұмыс істей бастайды.
2. Тоңазытқыштың есіктерін ашқан кезде, басқару панелінің көмескі жарығы және
тоңазыту камерасының ішіндегі жарықтандыру қосылады. Тоңазытқыштағы
желдеткіш сөндіріледі. Тоңазытқыштың есіктері 60 секундтан артық уақыт бойы
ашық тұратын болса, ескерту мақсатындағы дыбыстық дабыл естіледі. Есіктер
ашылғаннан кейін шамамен 420 секундтан соң, жарықтандыру сөндіріледі.
Жарықтандыру, сөндіргішті басу арқылы қосылуы мүмкін. Тоңазытқыштың есіктері
ашық тұрған кезде, басқару панелінің көмескі жарығы жанып тұрады. Есіктер
жабылған кезде камераның жарықтандыруы бірден сөндіріледі, ал басқару
панелінің көмескі жарығы шамамен 60 секундтан соң сөндіріледі.
3. Камера ішіндегі температураны реттеу үшін түймесін басу, 1-6 аралығындағы
режимдерді таңдау керек. 1 – ең жоғары температурасы; 6 – ең төмен
температурасы.
4. Аспапты сөндіру үшін түймесін 3 секунд бойы басып тұру керек. Қуат көзі сөнген
кезде, түйменің көмескі жарығы жанып тұрады. Камераның ішіндегі жарықтандыру
және сығымдағыш сөндіріледі. Құрылғыны қосу үшін, түймені 3 секунд бойы басып
тұру керек. Белгіше жанады да, қуат көзі қосылады.
5. No frost үлгілерінің мәжбүрлі түрде еріту атқарымы жоқ. Сервистік жұмыстарды
орындау немесе жуу үшін тоңазыту камерасының булағышынан қырауды
кетіру керек. Осы + түймелерін 3 секунд бойы басып тұрыңыз, сонда
қыраудымәжбүрлі түрде кетіре аласыз. түймесі жыпылықтайды. Қадаға 10~12
O
C
температурасын анықтаған кезде, атқарым автоматты түрде сөндіріледі. Тез арада
еріту атқарымын қолмен сөндіру үшін + түймелерін 3 секунд бойы басып
тұрыңыз. Түйме жыпылықтауды доғарады.
6. Қате туралы хабарды көрсету және қате сигналы – бұл құрылғының кате туралы
хабарды көрсету және қате туралы хабарландыру атқарымы бар. Қате туындаған
кезде, температуралық бейнебетте тиісті сигнал көрсетіледі де, құрылғы жұмысын
жалғастырады.

Содержание

Скачать