Beko WSPE6H612W [30/60] Пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз

Beko WSPE6H612W [30/60] Пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
Пайдалануды бастамас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Құрметті сатып алушы!
БЕКО компаниясының өнімдерін таңдағаныңыз үшін рахмет. Ең заманауи технологияларды
қолдана отырып жасалған сіздің жоғары сапалы машинаңыз пайдаланудың ең жақсы
нәтижелерін көрсетеді деп үміттенеміз. Ол үшін пайдалануды бастамас бұрын осы
нұсқаулықты және барлық ілеспе құжаттаманы мұқият оқып шығыңыз және оны одан әрі
анықтағыш ретінде пайдаланыңыз. Машинаны басқа тұлғаға бергенде осы нұсқаулықты бірге
беріп жіберіңіз. Нұсқаулықта көрсетілген барлық ескертулер мен ақпаратты ұстаныңыз. Бұл
пайдалану бойынша нұсқаулық бірнеше модельдер үшін қолданылуы мүмкін. Модельдер
арасындағы айырмашылықтар нұсқаулықта көрсетілген.
Шартты белгілер
Берілген нұсқаулықта келесі шартты белгілер пайдаланылады:
C
Маңызды ақпарат немесе пайдалану бойынша пайдалы кеңестер.
A
Жарақаттану қаупі немесе мүліктің зақымдануы туралы ескерту.
B
Электр тогымен зақымдану қаупі туралы ескерту.
Кір жуғыш машинаның қаптамасы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жергілікті нормалар мен
ережелерге сәйкес қайта өңдеуге жататын материалдардан жасалған.
Өнім сертификатталған. Сертификаттау туралы ақпарат тел. бойынша: 8-800-200-23-56
(Ресей аумағында қоңырау шалу тегін). «БЕКО» ЖШҚ 601021, Ресей, Владимир обл.,
Киржачский ауд., муниципалдық білім беру Першинское ауыл қонысы, Федоровский ауылы,
Сельская көш., 49-үй.
Өткізудің арнайы шарттары белгіленбеген.
Өнім ТШ 2751.13-001-58880098-2017 бойынша “Төмен вольтты жабдықтардың қауіпсіздігі
туралы КО ТР 004, “Техникалық құралдардың электромагниттік үйлесімділігі КО ТР 020,
«Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында қауіпті заттарды қолдануды шектеу
туралы» ЕАЭО ТР 037 сәйкес жасалған.
Сапа менеджменті, экология және энергетика жүйесі 9001, 14001, 50001 стандарттарының
талаптарына сәйкес келеді.

Содержание

Скачать