Beko WSPE6H612W [51/60] Қызмет көрсету және тазалау

Beko WSPE6H612A [51/60] Қызмет көрсету және тазалау
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
51 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
6 Қызмет көрсету және тазалау
6.1 Жуу құралдары таратқышын тазалау
Жуу құралдарының таратқышын мезгілімен (әрбір 4-5 жуу циклынан кейін) тазалап отырыңыз,
кір жуу ұнтағының қалдықтары жинақталмайтындай етіп тазалаңыз.
1 Жуу құралдарының таратқышын және сифонды раковинадағы жылы судың мол мөлшерімен
жуып жіберіңіз. Таратқышты тазалағанда қорғаныш қолғаптарын киіңіз немесе жуу
құралдарының қалдықтарына жанаспау үшін арнайы қылшақты қолданыңыз.
C
Егер кондиционерге арналған бөлімшеде қалыпты көлемнен асатын су мен кондиционерлеу
құралы жинала бастаса, сифонды тазалаңыз.
2 Тазалағаннан кейін сифонды орнына қойыңыз және оның алдыңғы бөлігін стопор тілі
бекігендей етіп төмен қарай сырғытыңыз.
6.2 Жүктеу люгінің есігі мен барабанды тазалау
Уақыт өте келе машинада кондиционердің, жуу құралдарының және ластанудың қалдықтары
жиналуы мүмкін, бұл жағымсыз иіс шығарып, кір жуу сапасын төмендетеді. Мұндай
мәселелерді болдырмау үшін «Барабанды тазалау» бағдарламасын пайдаланыңыз. Егер осы
модельде «Барабанды тазалау» бағдарламасы қарастырылмаған болса, «Су қосу» немесе
«Қосымша шаю» функциясы бар «Мақта-90» бағдарламасын іске қосыңыз. Бұл бағдарламаны
іске қосқан кезде машинаға киім-кешек жүктелмейді. Бағдарламаны іске қосар алдында жуу
құралын салыңыз (2 бөлім). Бағдарлама аяқталғаннан кейін тығыздағыш манжетті ішінен таза
матамен сүртіңіз.
C
Барабанды әр 2 ай сайын тазалау керек
C
Кір жуғыш машиналарға арналған жуу құралдарын ғана пайдаланыңыз.
Әрбір кір жуудан кейін барабанды бөгде заттардың бар-жоғына тексеріңіз.
Егер суретте көрсетілген тесіктер бұғатталса, оларды тіс тазалағышпен тазалаңыз.
C
Барабанда бөгде металл заттардың болуы тот дақтарының пайда болуына әкеледі.
Барабанның бетін тазалау үшін тот баспайтын болатты тазалауға арналған құралдарды
пайдаланыңыз. Ешбір жағдайда металл немесе сым жөкелерін пайдаланбаңыз.

Содержание

Скачать