Beko WSPE6H612W [32/60] Балалар қауіпсіздігі

Beko WSPE6H612W [32/60] Балалар қауіпсіздігі
32 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
1.3 Балалар қауіпсіздігі
Қаптама материалдары балаларға қауіп төндіреді. Қаптамалық материалдарды балалардың
қолы жетпейтін, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Электр құралдары балаларға қауіп төндіреді. Балаларды жұмыс істеп тұрған машинаға жақын
жібермеңіз. Олардың машинаны зақымдамауын қадағалаңыз. Машинаның жұмысына араласуды
болдырмау үшін балалардан бұғаттауды пайдаланыңыз.
Машина орнатылған үй-жайдан кеткенде, жүктеу люгінің есігін міндетті түрде жабыңыз.
Жуу құралдары мен қоспаларды балалардың қолы жетпейтін, қауіпсіз жерде сақтаңыз, жуу
құралы контейнерінің қақпағын жауып отырыңызы немесе оның қаптамасын жапсырып қойыңыз.
1.4 Қаптаманы кәдеге жарату
• Аспаптың қаптамасы қоршаған ортаны қорғау туралы мемлекеттік заңдарға сәйкес, қайталама
өңдеуге жататын шикізаттан дайындалған. Қаптама материалдарын тұрмыстық немесе басқа да
қалдықтармен бірге лақтырып тастамаңыз. Қаптама материалдарын қалдықтарды жинау және
жинақтау мақсатында ұйымдастырылған арнайы орындарға (алаңдарға) апарыңыз. Қаптама
қалдықтарын түрлері мен топтарына қарай, біртекті қалдықтар (бөлек жинақтау) бойынша
бөлек жинау қажет. Мысалы, қаптамалық үлдірді пластикалық қалдықтарды жинауға немесе
қайта өңдеуге және т. б. жататын қалдықтарды жинауға арналған контейнерге жинау қажет.
Қалдықтарды уақытша жинақтау орындарына қойылатын нақты талаптарды (оның ішінде
контейнерлерді белгілеу түрлерін) өңірлік құжаттардан табуға болады.
1. 5 Ескі бұйымды кәдеге жарату
Бұл өнім қайта пайдалануға және қайта өңдеуге жататын жоғары сапалы бөлшектер мен
материалдардан жасалған. Сондықтан бұйымды пайдаланылуы аяқталғаннан кейін қалыпты
тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Электр және электрондық жабдықтардың қалдықтарын
кәдеге жарататын арнайы орынға тапсырыңыз. Жақын жердегі қалдықтарды жинау пунктінің
орналасқан жері туралы жергілікті биліктен біле аласыз. Өңделген материалдардан жасалған өнімді
пайдалана отырып, қоршаған ортаны қорғауға мүмкіндік беріңіз. Бұйымды кәдеге жаратар алдында
қуаттандыру бауын қиыңыз және балаларға қауіпті болдырмау үшін, жүктеу люгі есігінің құлпын
сындыру қажет.
1.6 Электр және электрондық жабдықты (WEEE) кәдеге
жарату және пайдаланудан шыққан жабдықты кәдеге
жарату туралы ЕО Директивасына сәйкестік:
Бұл бұйым электр және электрондық жабдықты (2012/19/EU) кәдеге жарату туралы ЕО
Директивасына сәйкес келеді. Бұл бұйымда электр және электрондық жабдық (WEEE)
ретінде кәдеге жарату қажеттігін көрсететін таңбалауы бар.
1.7 ЕАЭО ТР 037 және зиянды заттарды пайдалануды шектеу жөніндегі ЕО
Директивасына сәйкестігі
Кір жуғыш машина ЕАЭО ТР 037 „Электротехника және радиоэлектроника бұйымдарында
қауіпті заттарды қолдануды шектеу туралы“ техникалық регламентіне және зиянды заттарды
пайдалануды шектеу бойынша ЕО Директивасына (2011/65/ЕU) сәйкес келеді. Онда директивада
және регламентте көрсетілген зиянды және тыйым салынған материалдар жоқ
1 Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі маңызды нұсқаулықтар

Содержание

Скачать