Beko WSPE6H612W [31/60] Қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері

Beko WSPE6H612W [31/60] Қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
31 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
1 Қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі маңызды нұсқаулықтар
Бұл бөлімде қауіпсіздік техникасы ережелері бар, оларды орындау жарақат алудан немесе
материалдық залалдан құтылуға мүмкіндік береді. Осы ережелер сақталмаған жағдайда барлық
кепілдік міндеттемелер жойылады.
1.1 Қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері
Бұл бұйымды 8 жастан асқан балалардың және физикалық, сенсорлық және ақыл-ой
мүмкіндіктері шектеулі, не тәжірибесі мен білімі жоқ адамдардың құрылғыны қауіпсіз
пайдалануына жол беріледі, егер олар қадағаланса немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалануға
байланысты және тәуекелдерге қатысты басшылық жасалса ғана. Балаларға бұйыммен ойнауға
рұқсат етпеңіз.
Ересектердің үнемі бақылаунсыз үш жасқа толмаған балаларды жақындатпаңыз.
Кілем жабынына машинаны орнатпаңыз. Машинаның түбіндегі жеткіліксіз желдету электр
бөлшектерінің қызып кетуіне және бұйым жұмысындағы қиындықтарға әкелуі мүмкін.
Жөндеу жүргізу үшін фирмалық қызмет көрсету орталығына жүгінгенге дейін ақаулығы бар
бұйымды пайдаланбаңыз. Бұл электр тогының соққысына әкелуі мүмкін!
Бұл бұйымда үзілістен кейін электр энергиясын беруді қалпына келтірілгенде жұмысты қайта
бастау көзделген. Бағдарламаны орындауды болдырмау үшін «Бағдарламаны жою» бөліміндегі
нұсқауларды орындаңыз.
Бұл құрылғыны 16 А сақтандырғышпен қорғалған, жерге қосылған розеткаға қосу керек. Міндетті
түрде жерге қосуды орнатыңыз. Жерге қосуды білікті электрик орындауы тиіс. Жергілікті
ережелерге сәйкес орындалған жерге қосуы болмаған жағдайда, дайындаушы-компания
залалды өтеу бойынша кез келген жауапкершіліктен бас тартады.
Су беру шлангысы мен ағызу шлангасы сенімді бекітілуі тиіс және ағып кетуді болдырмау үшін
ақаулықтары болмауы қажет.
Жүктеу люгінің есігін ашпаңыз және сүзгіні алмаңыз, егер барабанда су бар болса. Бұл талап
орындалмаған жағдайда су басу және ыстық судан күйік алу қаупі туындайды.
Жүктеу люгінің есігі бұғатталып тұрғанда, оны ашуға тырыспаңыз. Жүктеу люгінің есігін жуу
бағдарламасы аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан кейін ашуға болады. Бұғатталған есікті ашу
әрекеті есік пен құлыпты зақымдауы мүмкін.
Машина пайдаланылмағанда, оны элетр желісінен ажыратыңыз. Су беру шлангысының су
құбыры кранын жабыңыз.
Машинаны су ағынымен жууға тыйым салынады. Бұл электр тогының соққысына әкелуі мүмкін!
Қуаттандыру бауының ашасын дымқыл қолмен ұстамаңыз. Ашаны розеткадан суырғанда,
бауынан тартпаңыз, ашасынан ғана ұстаңыз.
Автоматты кір жуғыш машиналарға арналған жуу құралдары мен қоспаларды ғана
пайдаланыңыз.
Киім мен киім-кешек заттаңбаларының нұсқауларын, сондай-ақ жуу құралдары қаптамасындағы
нұсқаулықтарын орындаңыз.
Машинаны орнату, техникалық қызмет көрсету, жөндеу немесе жуу алдында оны электр
желісінен ажыратыңыз.
Машинаны орнату және жөндеу бойынша жұмыстарды тек авторизацияланған сервис
орталығының мамандары ғана орындауы тиіс. Дайындаушы-компания оған құқығы жоқ
тұлғалардың жұмыстарды орындау нәтижесінде туындаған залал үшін жауап бермейді.
Қуаттандыру бауының зақымдануы болған жағдайда тәуекелдерді болдырмау үшін оны өндіруші,
оның сервис жөніндегі өкілі, осыған ұқсас біліктілігі бар тұлға (электрик болғаны абзал) немесе
дайындаушы уәкілеттік берген тұлға ауыстыруы тиіс.
1.2 Тағайыны бойынша пайдалану
Бұл бұйым тұрмыстық қолдануға арналған. Бұйымды коммерциялық мақсатта, сондай-ақ
тікелейтағайынына сай емес қолдануға тыйым салынады.
Бұйымды тек тиісті таңбалануы бар киім мен киім-кешекті жуу және шаю үшін ғана пайдалануға
болады.
Дайындаушы-компания дұрыс қолданбау немесе тасымалдау нәтижесінде туындаған залал үшін
жауапты болмайды.
Бұйымның жобалық қызмет мерзімі 10 жылды құрайды. Осы мерзім ішінде бұйымның сенімді
жұмысын қамтамасыз ету үшін дайындаушы-компания фирмалық қосалқы бөлшектерді
ұсынады.

Содержание

Скачать