Beko WSPE6H612W [54/60] Ақаулықтарды жою

Beko WSPE6H612A [54/60] Ақаулықтарды жою
54 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
7 Ақаулықтарды жою
Бағдарламаны іске қосу немесе таңдау мүмкін емес.
•Кір жуғыш машина су немесе электр энергиясын берудің бұзылуынан (мысалы, желідегі
кернеудің төмендеуі, су қысымы және т.б.) өзін-өзі қорғау режиміне ауыстырылды.>>>
Бағдарламаны болдырмау үшін, бағдарламаны таңдау тұтқасын басқа бағдарламаға сәйкес
күйге бұрыңыз. Бұрын таңдалған бағдарлама жойылады. («Бағдарламаны жою» бөлімін
қараңыз).
Машинада су бар.
•Кір жуғыш машинада дайындаушы-кәсіпорында сапаны бақылау процесінде пайдаланылған
біраз су қалуы мүмкін. >>> Бұл ақаулық емес және машина үшін қауіп төндірмейді.
Машина түбінен су ағады.
•Сорғының шлангысы мен сүзгісін тексеріңіз: >>> Құю шлангаларындағы төсемдердің
герметикалығын тексеріңіз. Шлангыны су құбыры кранына тығыздап қосыңыз
•Мүмкін сорғы сүзгісі толық жабық емес. >>> Сорғы сүзгісінің толық жабылғанын тексеріңіз.
Машинаға су ақпайды
•Су құбыры краны жабылған. >>> Крандарды ашыңыз.
•Құю шлангысының майысуы. >>> Шлангыны түзетіңіз
•Су беру келте құбырының сүзгісі бітеліп қалды. >>> Сүзгіні тазалаңыз.
•Жүктеу люгінің есігі сәл ашық. >>> Жүктеу люгінің есігін жабыңыз.
Машинадан су ағызылмайды.
•Ағызу шлангы бітелген немесе бұралып қалған. >>> Шлангыны тазалаңыз немесе түзетіңіз.
•Сорғының сүзгісі қоқыстанған. >>> Сорғы сүзгісін тазалаңыз.
Машина қатты дірілдейді немесе шулайды.
•Машина орнықсыз тұр. >>> Машинаны орнықтыру үшін аяқшаларын реттеңіз.
•Сорғы сүзгісіне бөгде зат түсті. >>> Сорғы сүзгісін тазалаңыз.
•Тасымалдау сақтандырғыш болттары шешілмеген. >>> Тасымалдау сақтандырғыш болттарын
жойыңыз.
•Тым аз киім-кешек жүктелген. >>> Машинаға көбірек киім-кешек жүктеңіз.
•Тым көп киім-кешек жүктелген. >>> Машинадан киім-кешектің біраз бөлігін алып тастаңыз
немесе оны қолмен біркелкі таратыңыз.
•Машина қисайып тұр, өйткені аяқша астына бөгде зат түскен. >>> Машина түзу тұрмауының
себебін, астында бөгде заттың болмауын тексеріңіз.
Машина бағдарлама іске қосылғаннан кейін көп ұзамай тоқтады.
•Кір жуғыш машина желіде кернеудің төмендеуіне байланысты уақытша тоқтатылуы мүмкін.
>>> Қалыпты кернеу қалпына келтірілгеннен кейін ол жұмысты қайта бастайды.
Машинаға құйылатын су бірден ағызылады.
•Ағызу шлангысы тым төмен орнатылған. >>> Пайдалану нұсқаулығында сипатталғандай,
ағызу шлангысын қосыңыз.
Жуу кезінде машинадағы су көрінбейді.
•Сырттан кір жуғыш машинада су деңгейі көрінбейді. Бұл ақаулық болып табылмайды.
Жүктеу люгінің есігі ашылмайды.
•Есіктің құлпы бұғатталған, себебі машинада су бар. >>> Суды ағызу үшін «Ағызу» немесе
«Сығу» бағдарламасын іске қосыңыз.
•Машина суды қыздырып жатыр немесе сығу циклын орындап жатыр. >>> Бағдарламаны
аяқтауды күтіңіз.
•Балалардан бұғаттау қосылған. Есік құлпы бағдарлама аяқталғаннан кейін бірнеше минуттан
кейін бұғаттан шығады. >>> Есіктің құлпы бұғаттан шыққанға дейін, бірнеше минут күтіңіз.
Кір жуу сапасы төмен: киім-кешектің кірі ашылмайды, және онда дақтар қалады. (**)
Жуу құралының мөлшері жеткіліксіз. >>> Киім-кешектің түріне сәйкес ұсынылған мөлшерде
жуу құралын пайдаланыңыз.
•Тым көп киім-кешек жүктелген. >>> Машинаны шамадан тыс жүктемеңіз. «Бағдарламаларды
сипаттау» кестесіндегі ұсыныстарға сәйкес киім-кешек санын жүктеңіз.
Бағдарлама мен температура дұрыс таңдалмаған. >>> Киім-кешектің түріне сәйкес жуу

Содержание

Скачать