Beko WSPE6H612W [35/60] Орнату

Beko WSPE6H612A [35/60] Орнату
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
35 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
3 Орнату
Бұйымды орнату үшін жақын жердегі фирмалық сервис орталығына жүгініңіз. Фирмалық сервис
орталығына жүгінбес бұрын пайдалану нұсқаулығымен танысып, бұйымның электр желісіне, су
құбырына және кәрізге қосу мүмкіндігін тексеріңіз. Қажет болған жағдайда қажетті дайындық
жұмыстарын орындау үшін білікті электрикке немесе сантехникке жүгініңіз.
C
Бұйымды орнату үшін орын дайындау, оның ішінде электр желісін, су құбыры мен кәрізді бұйымды
қосуға дайындау сатып алушының міндеті болып табылады.
B
ЕСКЕРТУ: Бұйымды орнатуды және оны электр желісіне қосуды фирмалық сервис орталығының
мамандары орындауы тиіс. дайындаушы-компания оған құқығы жоқ тұлғалардың жұмыстарды
орындау нәтижесінде туындаған залал үшін жауап бермейді.
A
ЕСКЕРТУ: Орнату алдында бұйымды ақаулардың болуына қатысты тексеру қажет. Егер ондайлар
бар болса, өнімді орнатпаңыз. Зақымданған бұйымдар жазатайым оқиғаға себеп болуы мүмкін.
C
Бұйымды орнату немесе тазалау кезінде жылжыту кезінде электр қуаттандыру бауының, құю және
ағызу шлангыларының майысуына, қысылуына немесе зақымдануына жол бермеңіз.
3.1 Кезең-кезеңмен орнату
1-ҚАДАМ. Орнату орнын таңдау
Оңтайлы өнімділік үшін машинаны қатты еденге орнату керек. Аспапты ұзын түкті кілем
жабынына немесе ұқсас беттерге орнатпаңыз.
Ағаш едендерді діріл деңгейін және/немесе біркелкі емес жүктемелену мүмкіндігін төмендету
үшін бекіту қажет болуы мүмкін. Кілем жабындары мен кафель едендері дірілге төзімді емес,
және кір жуғыш машина сығу кезінде біршама жылжуы мүмкін.
Кептіргіш автоматын кір жуғыш машинаға орнатқан жағдайда толық жүктеу кезінде аспаптың
жалпы салмағы шамамен 180 кг-ды құрайды, сондықтан оларды тек осындай жүктемеге
төзімді тегіс қатты еденге ғана орнату керек.
Аспапты қуаттандыру бауының үстіне қоймаңыз.
Аспапты температура 0 ° С-ден төмен түсуі мүмкін үй-жайларға орнатпаңыз. Аспап тікелей
күн сәулесі әсерінен қорғалуы қажет.
Аспап пен басқа жиһаздың арасында кемінде 1 см саңылау қалуы тиіс.
2-ҚАДАМ. Қаптама материалдарын жою
B
ЕСКЕРТУ: Қаптама материалдары балаларға қауіп төндіруі мүмкін. Барлық қаптама
материалдарын (пластикалық және полистирол пакеттері мен т.б.) балалардың қолы
жетпейтін орынға орналастырып кәдеге жаратыңыз.
3-ҚАДАМ. Тасымалдау бекітпелерін жою
A
ЕСКЕРТУ : Қаптама материалдарын жоймағанша, тасымалдау бекітпелерін шешіп
алмаңыз.
Кір жуғыш машинаны пайдаланар алдында тасымалдау бұрандаларын
шығарыңыз!
Бұл шартты орындамау машинаның сынуына әкеп соғады.
1. Бұрандаларды гайка кілтімен
босатыңыз, олар бос айналатындай
болуы қажет (С).
2. Абайлап бұрыңыз және
сақтандырғыш тасымал
дау
бұрандаларын шығарыңыз (P).

Содержание

Скачать