Beko WSPE6H612W [49/60] Машинаны пайдалану

Beko WSPE6H612W [49/60] Машинаны пайдалану
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
49 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
-
1. Жүктеу есігін ашыңыз, киімді жүктеңіз және жуғыш затты диспенсерге қосыңыз және т. б.
2.Қажет болса, жуу бағдарламасын, температураны, айналдыру жылдамдығын және қосымша
функцияларды таңдаңыз.
3. „Кейінге қалдырылған бастау“ батырмасы арқылы қажетті уақытты орнатыңыз.
4. „Старт/Пауза“ батырмасын басыңыз. Дисплей бағдарламаның аяқталу уақытын көрсетеді.
Осыдан кейін бағдарламаны орындау аяқталғанға дейін кері санақ басталады.
C
Кейінге қалдырылған старт уақытын есептеу кезінде, машинаға киім-кешекті қосуға болады.
5.Кейінге қалдырылған старт уақыты өткеннен кейін, дисплейде таңдалған бағдарламаның орындалу
ұзақтығы көрсетіледі. Кейінге қалдырылған старт белгісі жоғалады, және бағдарламаны орындау
басталады.
Кейінге қалдырылған старт аралығын өзгерту
Кері санау кезінде старт уақытын өзгерту.
1.«Кейінге қалдырылған старт» батырмасын басыңыз. Батырманы әр басқан сайын аралық 1
сағатқа ұлғайтылады.
2.Кейінге қалдыру уақытын азайту үшін дисплейде бағдарламаның қажетті аяқталу уақыты
көрсетілгенше Кешіктіріп бастау түймесін басыңыз.
Кейінге қалдырылған старт функциясын жою
Кейінге қалдырылған старт уақытын жою үшін және бағдарламаны дереу іске қосу үшін, келесі
әрекеттерді орындаңыз.
1.Бағдарламаларды таңдау тұтқасын кез келген күйге бұраңыз.
2.Содан кейін қажетті бағдарламаны қайта таңдау керек.
3.Бағдарламаны іске қосу үшін «Старт/Кідіріс» батырмасын басыңыз.
5.14 Жүктегіш люктің құлыптаушы есігі
Кіржуғыш машинаның жүктегіш люгі судың жоғары температурасы болған кезде есіктің ашылуына
жол бермейтін құлыптау жүйесімен жабдықталған.
Машина тоқтау режиміне қойылғанда, жүктегіш люк есігінің индикатор шамы жыпылықтап
бастайды да, барабандағы су деңгейін анықтайды. Егер де судың деңгейі қолайлы болса, онда
жүктегіш люктің индикатор шамы өшеді де, 1-2 минуттан кейін машинаның есігін ашуға болады.
Егер судың деңгейі қолайсыз болса, онда жүктегіш люктің индикатор шамы тұрақты шаммен
жанады да, есіктің ашылуы мүмкін емес. Ал сіз есік индикаторы қосулы кезде жүктеу есігін
ашқыңыз келсе, жұмыс істеп тұрған бағдарламадан бас тартуыңыз керек. «Бағдарламаны жою»
бөлімін қараңыз.
5.15 Бағдарламаны қосқаннан кейін параметрлерді өзгерту
Машинаны тоқтау режиміне қою
-
C
C
5 Машинаны пайдалану

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения