Beko WSPE6H612W [40/60] Кір жууға дайындау

Beko WSPE6H612W [40/60] Кір жууға дайындау
40 / KZ
Кір жуғыш машина / Пайдалану бойынша нұсқаулық
4 Кір жууға дайындау
4.6 Киім-кешекті жүктеу
1.Жүктеу люгінің есікшесін ашыңыз.
2.Киім-кешекті түзеп, оны сықпай машинаға жүктеңіз.
3.Есікті жабыңыз және құлыптың сыртылы естілгендей етіп басыңыз. Киім-кешек есікшеге
қыстырылып қалмауын қадағалаңыз.
C
Бағдарламаны орындау кезінде жүктеу люгінің есігі бұғатталады. Есікті бағдарлама аяқталғаннан кейін
біраз уақыт өткеннен кейін ғана ашуға болады.
A
ЕСКЕРТУ Егер киім-кешек барабанға дұрыс таратылып салынбаса, бұл машина жұмыс істеп тұрғанда
жоғары діріл мен шу тудыруы мүмкін.
4.7 Жуу құралы мен кондиционерді пайдалану
C
Жуу құралын, кондиционерді, крахмалды, маталарға арналған бояғышты, ағартқышты немесе әктас қағын
кетіретін құралды пайдаланған кезде, жуу құралын қолдану және мөлшерлеу жөніндегі дайындаушының
нұсқаулықтарын қатаң орындаңыз. Егер бар болса, мөлшерлеу тостағанын пайдаланыңыз.
Жуу құралдарын таратқыш
Жуу құралдарын таратқыштың үш бөлімшесі бар:
- (1) жібіту үшін
- (2) негізгі кір жуу үшін
- (3) кондиционер үшін
- (*) сонымен қатар, кондиционерге арналған бөлімшеде сифон бар.
Жуу құралы, кондиционер және кір жууға арналған өзге де құралдар
Кір жуу бағдарламасын іске қосар алдында жуу құралын («2» бөлімшесі) және кондиционерді
(қажет болған жағдайда) жүктеп алыңыз.
• Жуу бағдарламасын орындау кезінде жуу құралдарын таратқышты ашық қалдырмаңызла
Егер жібітусіз бағдарламасы пайдаланылса, жуу құралын жібіту бөлімшесіне («1» бөлімшесі)
жүктемеңіз.
Жібіту бағдарламасын пайдаланғанда, жібіту бөлімшесіне сұйық жуу құралдарын («1» бөлімшесі)
жүктемеңіз.
Жуу құралы арнайы қапшықта немесе үлестіргіш шаригінде пайдаланылса, жібіту бағдарламасын
таңдамаңыз. Арнайы қапшықтағы жуу құралын немесе үлестіргіш шарикті машина барабанындағы
киім-кешектің арасына салыңыз.
Сұйық жуу құралын пайдаланғанда оны мөлшерлеу сыйымдылықта («2» бөлімше) негізгі кір
жууға арналған бөлімшеге салыңыз.
Жуу құралын таңдау
Жуу құралының түрін таңдау матаның түрі мен түсіне байланысты.
• Түрлі-түсті және ақ киім-кешек үшін әр түрлі жуғыш заттарды пайдалану керек.
Ұқыпты қарауды талап ететін киім-кешек үшін тек арнайы жуу құралдарын (сұйық құралдар,
жүн және т.б. арналған құралдар) пайдалану керек.
Қара маталардан жасалған бұйымдар мен құрақ көрпелерді жуу үшін сұйық жуу құралдарын
пайдалану ұсынылады.
• Жүн бұйымдарын жуу үшін арнайы жүнге арналған жуу құралдарын пайдалану керек.
A
ЕСКЕРТУ Кір жуатын машиналарға арналған жуу құралдарын ғана пайдаланыңыз.
A
ЕСКЕРТУ Сабын ұнтағын пайдаланбаңыз.
2
3
1

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения