KRAFT KF-HBM1043BGLR [30/44] Қауіпсіздік талаптары

KRAFT KF-HBM1043BGLR [30/44] Қауіпсіздік талаптары
30
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ
Батырылатын блендер тек тұрмыстық жағдайда немесе тұрмыстық жағдайларға
жақын келесі жерлерде тамақ өнімдерін ұсақтауға және араластыруға арналған, мыса
-
лы:
– қоғамдық тамақтану орындары;
– дайын азық-түлікпен қамтамасыз ету;
дүкендер, кеңселер және өнеркәсіптік кәсіпорын қызметкерлеріне арналған ас
үйде;
пансиондарда, шағын мейманханаларда және соларға ұқсас мекемелерде пайда-
лану.
Аспапты мақсатсыз пайдалану, орнату, пайдалану, тазалау ережелерін және
қауіпсіздік шараларын бұзу, сондай-ақ температура шарттарын сақтамау сізді
кепілдік қызмет көрсету құқығынан айырады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Өндіруші құрылғыны дұрыс пайдаланбау неме-
се сақтық пен қауіпсіздік шараларын сақтамау салдарынан туындаған
ақаулық үшін жауап бермейді.
Аспапты қаптамадан шығарғанда оның бүтін екеніне және бүлінбегеніне көз
жеткізіңіз. Қаптама материалдарын балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Қаптаманы кәдеге дұрыс жаратыңыз.
Бұл аспап физикалық және ойлау мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (соның
ішінде 8 жасқа дейінгі балалардың), сондай-ақ қауіпсіздігі үшін жауапты адамның
қадағалауынсыз аспапты пайдалану жөніндегі білімі мен тәжірибесі жеткіліксіз
адамдардың пайдалануына арналмаған. Балаларға аспап элементтерімен
ойнауға болмайды. Аспапты күтіп ұстау мен тазалауды балалар ересектердің
қарауынсыз жүзеге асыра алмайды.
Алғаш қосқан кезде (және әр) қосқан сайын) аспаптың бүліну белгілерінің
жоқ екеніне, көрсетілген техникалық сипаттамаларына, электр желісінің
параметрлеріне сәйкестігін тексеріңіз.
Егер аспап немесе электрмен қуаттандыру бауы бүлінген болса, еш жағдайда оны
электр желісіне қоспаңыз. Бүлінгені туралы тауарды сатқан дүкенге хабарлаңыз,
сараптама және жөндеу үшін сервис орталығына жүгініңіз. Аспапты өз бетіңізбен
жөндеуге тырыспаңыз. Бұл жағдайда қаптаманы лақтырмаңыз.
Блендерді бөлшектеу, жөндеу немесе оның конструкциясына қандай да бір
өзгерістер енгізу қауіпті болуы мүмкін. Аспаптың электр сымдарының кез-келгені
бүлінгенде электр тогына соғылуға, өртке немесе тұйықталуға әкелуі мүмкін.
Ақаулар туындаған жағдайда аспаптың моделін және пайда болған ақаулық түрін
көрсете отырып, дереу авторландырылған сервис орталығына жүгініңіз. Жөндеу
үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді пайдалануға болады. Білікті түрде
жасалмаған жөндеу аспапқа берілетін кепілді қызмет көрсетудің күшін жояды.

Содержание

Похожие устройства

Скачать