KRAFT KF-HBM1043BGLR [32/44] Зақымдану және жарақат алу қаупі

KRAFT KF-HBM1043BGLR [32/44] Зақымдану және жарақат алу қаупі
32
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
Блендерді жылу көздерінен және жылыту құрылғыларынан алысқа орнатыңыз,
тұтанғыш заттардан сақ болыңыз.
ЗАҚЫМДАНУ ЖӘНЕ ЖАРАҚАТ АЛУ ҚАУПІ
Блендерді құлап кетпес үшін және жарақаттану мен зақымданудан сақтану үшін
тегіс, қатты, құрғақ жерге қойыңыз.
Блендердің үстіне ауыр заттар қоймаңыз. Аспапты электрмен қоректендіру сы-
мынан ұстап тасымалдамаңыз. Пайдаланғаннан кейін электрмен қоректендіру
сымын аспаптың айналасына орамаңыз, өйткені уақыт өте келе бұл сымның сы-
нуына әкелуі мүмкін. Әрқашан сымды сақтау кезінде сымды тегістеп отырыңыз.
Блендерді өнімді өңдеу қажет болғаннан артық уақытқа қоспағаныңыз жөн.
Үй жануарларын аспапқа жақындатпаңыз. Олар аспапты немесе қоректендіру ба-
уын бүлдіріп тастауы, сондай-ақ өткір пышақтарға жарақаттануы мүмкін.
Керек-жарақтар мен қондырмаларды ауыстырмас бұрын блендерді өшіріңіз.
Оларды блендерден электр қозғалтқышы толық тоқтағаннан кейін ғана
жалғауға немесе алып тастауға болады. Пайдалану кезінде саусақтарыңызды,
қасықтарды және қалақтарды аспаптың қозғалмалы бөліктеріне тигізбеңіз,
бұл оның бұзылуына әкелуі мүмкін. Сынған жағдайда ақаулы аспапты немесе
қондырмаларды пайдаланбаңыз.
Жарақаттанбас үшін, саусақтарыңызды, шашыңыз бен киіміңізді блендердің
қозғалмалы бөліктерінен қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз. Ешбір жағдайда
блендердің табанында орналасқан пышақты, сондай-ақ ұсақтағыш қондырманың
пышақтарын қолмен ұстамаңыз.
Ыстық өнімдер мен сұйықтықтарды араластырған кезде абай болыңыз, шашырап
кетуі мүмкін. Ыстық өнімдерді блендермен өңдеуден бұрын оларды кемінде 80°C
дейін салқындату керек.
Аспапты кофе, жарма, бұршақ және басқа да қатты өнімдерді ұсақтау үшін
пайдаланбаңыз.
Бүлінбес үшін майлардың және тоң майлардың (соның ішінде өсімдіктен алынған)
аспап корпусына және пластик бөлшектеріне түсуіне жол бермеңіз. Пластик
тетіктерін қыздырмаңыз.
Блендердің және оның аксессуарларының таза болуын қадағалаңыз. Өткір металл
қырғыштарды, жебір және абразивті тазартқыш құралдарды пайдаланбаңыз,
олар аспаптың бетін сызып тастауы мүмкін. Пышақтарды жуу кезінде абай
болыңыз, ешқашан жалаң қолмен тазаламаңыз, ол үшін щетканы қолданыңыз.
МАҢЫЗДЫ! Блендердің ең жоғары айналымдағы жұмыс уақыты 1 ми-
нуттан аспауы керек. Қатарынан екі-үш жұмыс циклынан кейін жұмысты
1 минутқа тоқтату керек. Блендерді жүктемесіз пайдалану уақыты 15 се-
кундтан аспауы керек.

Содержание

Похожие устройства

Скачать