KRAFT KF-HBM1043BGLR [35/44] Қолданушы нұсқаулығы

KRAFT KF-HBM1043BGLR [35/44] Қолданушы нұсқаулығы
35
БАТЫРЫЛАТЫН БЛЕНДЕР
ҚОЛДАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ
ҰСАҚТАҒЫШ ҚОНДЫРМА
Мұндай қондырманы жаңа алынған өнімдерді, шөптер мен көкөністерді,
ірімшікті, жаңғақтардың көптеген түрлерін, кептірілген жемістерді ұсақтау/турау
үшін қолдану қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ұсақтағыш мұзды кесуге және кофе дәндері, му-
скат жаңғағы, бұршақ, жарма сияқты өте қатты тағамдарды өңдеуге жа-
рамайды.
Ұсақтағыш пен өнімдерді дайындау:
1. Ұсақтағыштың тостағанын тегісжәне
таза жерге қойыңыз. Орақ тәрізді
пышақты ыдыстың орталық істікшесіне
абайлап тығыңыз.
2. Өнімдерді ұсақтағыштың тостағанына
салыңыз, үлкен кесектерді (ет, ірімшік,
пияз, сәбіз) ұсақтап, жаңғақтардың
қабығын алыңыз. Етті сүйектер мен
сіңірлерден бөліп алуды ұмытпаңыз. Ет
мөлшері әр циклда 200 г-нан аспауы ке-
рек.
3. Ұсақтағыштың қақпағын сағат тілі бағытымен және тірелгенше бұраңыз (ашу үшін
қақпақты кері қарай бұраңыз). Қақпағы дұрыс бекітілгендігіне көз жеткізіңіз.
Блендердің электрқозғалтқышының блогын ұсақтағыш қақпағының саңылауына
сыртылдаған дыбыс шыққанша кіргізіп, әбден бекітіңіз.
4. Блендерді пайдаланғаннан кейін алдымен электрқозғалтқышының блогын алып
тастаңыз, содан кейін ұсақтағыштың қақпағын ашып, орақ тәрізді пышақты үстіңгі
пластик бөлігінен ұстап суырып алыңыз. Тек содан кейін өңделген өнімдерді
ұсақтағыш тостағанынан шығарыңыз.
МАҢЫЗДЫ:
- Ұсақтау кезінде блендердің электрқозғалтқышының блогын бір қолыңызбен,
екінші қолыңызбен тостағанды ұстаңыз.
- Блендердің табанымен және араластырғыш қондырмамен жұмыс жасағанда,
ыдыс ретінде ұсақтағыштың тостағанын пайдаланбаңыз. Тостағанның түбіндегі
істікше қондырманы сындыруы мүмкін.
- Ұсақтағышты пайдаланған кезде қосу батырмасын 1-2 секунд үзіліспен 3-5 секунд-
тан артық баспаңыз — бұл өнімді ұсақтау процесін жақсырақ бақылауға мүмкіндік
береді және қозғалтқыштың қызып кетуіне жол бермейді.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Орақ тәрізді пышақтың жүзі өте өткір, абай
болыңыз, оны үстіңгі пластик бөлігінен ұстаңыз. Саусақтарыңызды,
шашыңыз бен киіміңізді қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз, ешбір жағдайда
пышақтан ұстамаңыз!

Содержание

Похожие устройства

Скачать